Ұлттық медиа қауымдастық 2023 – 2024 жж. маусымның үздік телевизиялық жобаларын жариялады.
Дәл былтырғыдай, телемаусымның жеңімпаздары 2023 жылғы 1 маусым мен 2024 жылдың 31 мамыр аралығында отандық телеарналар эфирінен берілген қазақстандық және бірлескен өндірістің теле жобалары арасында таңдау жасалды.
Бұл жолы «Еуразия» Бірінші арнасының 11 телевизиялық өнімі көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, Топ-3 номинацияға ие болды. Рейтинг нәтижелері көрсеткендей екінші орынға «Коммерциялық Телевизиялық Арна» (КТК) қол жеткізді. Ал «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы үшінші тұғырда. Бұл арна барлық санаттар бойынша үздік 7 бағдарламасымен үздік үштікке еніп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаздар көрермендердің қалауы бойынша және телевизиялық өнімдерді іріктеу критерийлері негізінде анықталады. Бұл критерилерді Ұлттық Медиа қауымдастықтың сараптамалық кеңесі (Kantar Media телеөлшемдері) әзірлеген.
Телевизия саласы әлеуметтік желілермен және стримингтік платформалармен еркін бәсекеге де түсе алады. Сондай-ақ, кез келген уақытта қалыспай, қатар дамып отырмақ. Өйткені қазір қолыңыздағы гаджеттің кез келген түрімен, кең байтақ жеріміздің әр түкпірінен теледидар көруге мүмкіндік бар.
Сонымен, «Үздік телеарна» номинациясы бойынша ең үздік үш арна:
Первый канал Евразия
КТК
QAZAQSTAN
Телевизия рейтингтері көрсеткендей, толық бір маусым бойы дәл осы үш арнаның алдында көрерменнің көп уақыт өткізетіні анықталды.
Ақпараттық материалдар топтамасын көрерменге ұсынудағы жеделдік пен объективтілік «Үздік күнделікті жаңалықтар» номинациясының жеңімпаздарын анықтады. Олар:
Главные новости на Первом канале Евразия
Новости КТК
Басты жаңалықтар (Первый канал Евразия)
Апта сайын ең маңызды оқиғаларды іріктеп, жан-жақты зерттеп, сараптап беретін бағдарламалар бар. «Үздік аналитика, аптаның негізгі оқиғаларына шолу» бағытында үздік үштік қатарында төмендегі жобалар енді:
Аналитика (Еуразия Бірінші арнасы)
Апта (QAZAQSTAN)
Sapar Times (Astana TV)
Отандық кинематографияның қарыштап, қарқынды дамуы қалың көрерменді кинотеатрларға қайтарып қана қоймай, үйдегі теледидар алдына ұйытуға себеп болғаны рас. Осыны аңғарған елдегі телеарналар өз режиссерларымыздың картиналарын хабар тарату «сеткаларында» сәтті пайдалана білді. Осылайша жоғары рейтингтер де жинай алды. «Үздік фильм» номинациясында бір маусым бойы көрсетілген 660 фильмнің ішінен сұрыпталып, төмендегі көркем туындылар жеңімпаз атанды:
«Жар-жар» (QAZAQSTAN)
«Дос-Мұқасан» (QAZAQSTAN)
«Бизнес по-казахски в Индии» (QAZAQSTAN)
Телехикаялар күнделікті хабар таратудың ажырамас бөлшегіне айналды десек қателеспейміз. Ауқымды телесериалдарды өндіруге қомақты бюджет бөлінді. Көрерменге сапалы дүние ұсыну үшін ірі телекомпаниялар мен жеке студиялар жұмылды. Осылайша ел тұрғындарының негізгі бөлігі яғни жастары мен жасамыстары да телехикаяларды тамашалауға уақыт бөлетін деңгейге жетті. Осы маусымда «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына «Үздік телехикая» номинациясы бойынша бірінші және үшінші орын бұйырды. Екінші орында НТК.
«Екі жүз» (QAZAQSTAN)
«Meow» (НТК)
«Жат бауыр-2» (QAZAQSTAN)
Деректі фильмдер жанрының екінші тынысы ашылғандай әсер байқалады. Қалыптасқан өз аудиториясы бар дербес һәм танымал бағытқа айналып келе жатқаны қуантады. Деректі фильмдердің бейнеплатформалардағы көрсеткіштері миллиондаған қаралым жинап, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі сілтемелерінің қарқынды таралуы осы сөзімізге айғақ бола алады. Бұл маусымда «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша Еуразия Бірінші арнасының деректі картиналары алдына қара салмай, жеке дара жеңіске жетті:
«Очаг смерти»
«Turktime»
«Аймақтағы алыс беріс»
Ойын-сауық жанры жалпы бағдарламаның ажырамас бір бөлігі екенін естен шығармаған абзал. Бүгінгі көрермен өздерінің көңілдеріне жағатын жобалар мен ток-шоуларының тізімін қалыптастырып үлгерген. Сол себепті телеарналар да талғамы жоғары аудиторияның таңдауына сай әрекет жасап, жалпы ақпарат ағынындағы жаңа трендтерді болжай білуі маңызды.
Демалыс күндері күнделікті бағдарламалармен салыстырғанда ерекше контент ұсыну қажеттілігі барша телеарна ұжымы үшін түсінікті жайт. Сонымен қатар қызықты жобаларды эфирге беру уақыты да үлкен рөл ойнайды. Сол себепті бұл санаттардағы номинацияларды кіші топтарға бөлуді жөн деп есептедік:
«Жұмыс күндеріндегі ең үздік бағдарлама. Off prime time»
«QosLike» (Еуразия Бірінші арнасы)
«Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші» (El Arna)
«Төрлет Наурыз!» (QAZAQSTAN)
«Жұмыс күндеріндегі ең жақсы бағдарлама. Prime time»
«Әйелмен әлем әдемі» (Astana TV)
«Koremiz» (Еуразия Бірінші арнасы)
«Парламент online» (Еуразия Бірінші арнасы)
«Демалыс күнінің үздік бағдарламасы. Off prime timе» номинациясына ие болған үздік үштік:
«Ән мен әнші» (КТК)
«Жаңа жылдың басты хабары» (Хабар)
«Главные новости на первом канале Евразия»
«Демалыс күнінің үздік бағдарламасы.Prime time»:
«Жақсылықпен кел, Жаңа жыл 2024!» (QAZAQSTAN)
«X Factor» (Еуразия Бірінші арнасы)
«Қызық премия» (Хабар)
Біз «Еуразия» Бірінші арнасын, КТК және «Qazaqstan» Ұлттық арнасының шығармашылық ұжымын 2023-2024 жылдың телемаусымындағы жарқын жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы жаңа маусымда көрермендерінің сүйіспеншілігіне бөленіп, осы биктен түспеуін тілейміз!