Үздік 10 арна

Еуразия бірінші арнасы көрермендер назарын өзіне түбегейлі бұрып алған сыңайлы. Олай дейтінтініміз 13,9% аудитория жинап ондықтың алды болды. Оның апталық рейтингі 0,59%-ды құрады. КТК екінші орында (үлесі 11,20, рейтингі 0,48%). Ал үшінші орын Жетінші арнаның еншісінде (үлесі 9,80, рейтингі 0,42%). Әлемдегі ірі спорттық іс-шаралар Qazsport арнасын бесінші орынға алып шықты. Өкініштісі жазғы демалыс Balapan телеарнасының үздік он арнаның қатарында қалуына еш септігін тигізе алған жоқ.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

Екінші тамыз күні КТК жаңалықтарын еліміздегі көрермендердің көптеген бөлігі көрген. Осылайша арнаның кешкі ақпараттық шығарылымы апталық рейтингтегі алғашқы орынды иеленді. Бұл ретте КТК алдына арна салмай келіп жүрген Еуразия бірінші арнасының «Главные новости» жаңалықтарын 0,3 пайызға басып озды. Үшінші орынға 31 арна қол жеткізді. Informburo-ның 29 шілде күнгі шығарылымы жақсы көрсеткіш жинаған.

Ал қорытынды яғни сараптамалық бағдарламалар санатында 24 KZ арнасының алты бірдейжобасы алға озды. Бұл керемет көрсеткіш. Өйткені бес бағдарламаүздік бестікте. Сондай-ақ, үздік ондықтың аналитикалық бағдарламалар сапында Atameken Business арнасының үш бағдарламасы да бар.

Үздік10 ойын-сауық бағдарламасы

Әзіл-сықақ бағдарламалары санатында бірінші орынға КТК арнасынан сенбі күні көрсетілген «Шымкент Шоу» ұжымының шығарылымы жайғасты. Дәл осы шоу жексенбі күні Astana TV арнасынан көрсетілген-ді. Осылайша бұл жоба арнаға рейтинг жинап, екінші орынға шығарды. «Екі езу» театрының шығарылымын да көрермен сағынып қалған сыңайлы. Бұл ұжымның концерті НТК арнасының эфирінен шықты. Осылайша арнаға үшінші орынды алып берді.

Ойын-сауық бағдарламалар санатындағы үздік ондықтың көшін КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» ток-шоуы бастап тұр. Екінші орында Жетінші арнадағы «Қызықты Weekend» жобасы. Ал үздік үштікті Balapan балалар телеарнасындағы «Кім тапқыр?» жобасы қортындылап тұр.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарлама

Qazaqstan телеарнасының концерттік бағдарламалары көрермендердің ерекше ықыласына бөленеді. Осы аптадағы «Жарқын жүздесу» және «Біздің ән. Мирас пен Құралайдың шығармашылдық әнкеші» рейтинг бойынша бірінші, екінші орындарға ие болды. Ал КТК арнасынан берілген «Махаббат әлемі» концерті үшінші орында тұр. Осы санаттағы үздік ондықта Qazaqstan телеарнасының төрт музыкалық бағдарламасы және Balapan балалар телеарнасының үш жобасы бар.

Еуразияның бірінші арнасындағы таңғы бағдарламаларды көрермен әрдайым тамашалап отырады. Әсіресе 31 шілде яғни сәрсенбінің таңында эфирге шыққан бағдарламалары рейтинг бойынша бірінші орында. Одан кейін көрсеткіш бойынша Хабар арнасынан берілген «Ой талқы» бағдарламасы бар.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

Телевизиядағы қоғамдық маңызды тақырыптарды еліміздегі бірқатар көптеген арналар көтереді. Алайда Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz», Qazaqstan арнасынан көрсетілетін «Отандастар», КТК арнасындағы «Было дело» және «Дау дамайсыз» сияқты ток-шоулармен бағдарламалар танымал әрі өзектілігін төмендетпей келеді. Бұл санатта осы аптағы 24 KZ телеарнасының төрт бірдей бағдарламасы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген.

Өзге де жанрларға назар аударып көрсек үздік ондықтың 90 %-ы Balapan балалар арнасының еншісінде. Жазғы демалыс кезінде «Botaqanym», «Sezim qalasy», «Жұмбақ жәшік» және т.б. балалар жобалары кішкентай көрермендерді өзіне баурап алды.

Үздік 10 отандық телехикаялар мен фильмдер

Qazaqstan арнасынан берілетін «Құдаша қыз» және «Күйеу бала-2» сериалдары, сондай-ақ, Astana TV арнасындағы «Сәке» сериалының екі маусымы апталық рейтинг бойынша бірінші орынға ие болды. Бұл отандық хикаялар өндірісінің көрермендер көңілінен шыққанын аңғартады. Біздітаң қалдырғаны, ең үздік фильмдер мен тартымды телехикаяларды әрбір арнадан көрге болады. Сондықтан арналар бір-біріне бәсекелес деп айта алмайсың.

31 арнадағы «Хотя бы в кино» комедиясы және 2007 жылы түсірілген «Рэкетир» криминалдық драмасын көрсеткен Almaty TV 0,57% көрсеткіш яғни бірдей рейтинг жинап бірінші орынға тұрақтады. Ал Хабар арнасынан көрсетілген «Донор» картинасы үшінші орында.

Жұма күні яғни екінші тамызда Alatau TV Ахмет Яссауи жайлы, оның Арыстан бабпен кездесуі, сондай-ақ ежелгі Сауран қаласының сәулеті туралы «Түркістан құпиялары» деп аталатын деректі фильм көрсетті. Бұл фильм аптаның деректі фильмдер санатында үздік атанды.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар

Жазғы Олимпиада ойындары үздік он шетелдік бағдарламалар сапына қосылуы заңды құбылыс. Алайда осы санаттағы алғашқы орындарға қол жеткізген жоқ. Өйткені Еуразия бірінші арнасының эфиірнен берілетін «Поле чудес» ток-шоуы бірінші орында нық тұр. Ал НТК бұл санатта екінші және үшінші орындарға қол жеткізді. Осы арна арқылы көрсетілген «Мир наизнанку с Дмитрием Комаровым» мен «Однажды в России» шоуын көптеген көрермен тамашалаған.

Жетінші арнадан берілетін «Великолепный век» хикаясы апталық рейтингте көш бастады. Qazaqstan арнасы да «Зейнеп» деп аталатын сериалмен екінші орынға табан тіреді. Еуразия бірінші арнасындағы «Розыск» телехикаясы үшінші орынға жайғасты. Сондай-ақ, үздік ондықта 31 арна мен НТК арнасынан көрсетілген фильмдері бар.

Перевод
Facebook
Instagram