ҮЗДІК АРНАЛАР
Еуразия бірінші арнасын еліміздегі ең танымал әрі көрермені көп арна деуге толық негіз бар. Сондықтан осы санатта алдымен осы арнаны атап отырмыз. КТК мен Qazaqstan арналарыны шілде айында бірдей 0,51% рейтинг жинап көрермендер аудиториясының тең үлесіне ие болды. Үздік ондықтың қатарында Жетінші арна, Astana TV және НТК сияқты телеарналар да бар. Әлемде болып жатқан дүбірлі спорт жарыстары Qazsport телеарнасы үшін өте жемісті болды. Өйткені шілде айында спорттық арна жетінші орынға табан тіреді.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости» 15 шілде күнгі шығарылымы үшін ең жоғары рейтинг жинап, бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ осы айдағы 23 шығарылым үшін орташа көрсеткіш бойынша да бұл арна көш бастады. Екі көрсеткіш бойынша екінші орында КТК арнасының жаңалықтары тұр. Шілде айында каналдың ақпараттық ұжымы 66 шығарылым жасаған. Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» болса 42 рет эфирге шыққан екен. Осылайша орташа және ең жоғары рейтинг бойынша 15 шілдеден бергі шығарылымдары үшін үшінші орыналды.
Еуразия бірінші арнасы «Аналитика» және «Парламент онлайн» бағдарламаларымен, сондай-ақ Astana TV «Sapar times» шілде айында түрлі уақытта эфирге берілсе де орташа рейтинг кестесінде алғашқы үш орынды иеленіп отыр. Бұл ретте Qazaqstan арнасындағы «Апта» бағдарламасы сәрсенбілік көрсеткіш бойынша 4 шығарылымы үшін төртінші орынға ғана қол жеткізді. Алайды жексенбі күнге эфирі арқылы ең жоғары рейтинг жинап өзге әріптестерінің барлығын басып озды (07.07.24).
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Шілде айында КТК «Шымкент Шоуды» эфирге 10 рет берген екен. Бұл арнаға екі кесте бойынша да (жоғары және орташа) бірінші орын алып берді. НТК-дағы Y-Night show жобасының 4 шығарылымы үшін екінші орында және 5 шілдедегі эпизоды үшін үшінші орынға ие болды. Ал екінші орында көптеген көрермендердің сүйікті бағдарламасына айналып үлгерген «Алдараспан» театрының ұжымы қол жеткізді. Бұл концерт 31 арнадан көрсетілген.
Сондай-ақ, осы санатта КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» және «Кел, шырқайық!» жобалары көш бастап тұр. Айта кетер жайт «Астарлы ақиқтат» ток-шоуы осы айда 43 рет эфирге берілген. Ал «Кел, шырқайық!» шілде айында 12 рет көрерменмен қауышқан. Үшінші орын Хабар арнасындағы «Cover Show» мен «Қызық Times» жобаларының қоржынында.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Музыкалық бағдарламалардың өндіріс ошағы деп Qazaqstan ұлттық телеарнасын атасақ артық болмас. Бұл арнаның концерттік бағдарламалары екі санаттағы алғашқы ондықтың 80% — дан астамына ие болды. Эфирге бір рет қана берілсе де осынша көрсеткіш жинау үлкен жетістік. Көрермендердің денісенбінің кешінде яғни 13шілде күні «Көңіл толқыны» және «Жарқын жүздесу» концерттерін тамашалаған.
Шілде айынде елімізде бас қала күні аталып өтетіні мәлім. Осы мерекеге орай Qazaqstan арнасы 06.06.2024 жылы «Менің Астанам» деп аталатын бағдарлама ұсынды. Бұл жоба шілде айындағы танымдық бағдарламалар санатында үздік шықты. Жоғары рейтинг бойынша Еуразия бірінші арнасының таңертеңгілік шоуы екінші орында. МИР телеарнасынан берілген «Золотоя Орда: на великом шелковым пути» жобасы да орташа рейтинг бойынша екінші орынға тұрақтады.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуы екі көрсеткіш бойынша да (айына 43 эфирге шыққан) рейтингте көш бастады. Екінші және үшінші орынды Qazaqstan арнасындағы «Ақорда» бағдарламасы және КТК-дағы «Дау-дамайсыз» жобасы иеленді. Сондай-ақ шілде айында КТК «Было дело» жобасының 31 эпизодын эфирге берген. Осылайша осы санаттағы төртінші орынға қол жеткізді.
Жоғарыда аталған санаттарға кірмеген бағдарламалардың ішінде Balapan балалар телеарнасы және оның анимациялық сериалдарының, авторлық бағдарламаларының және қызықты шоуларының үлкен жиынтығы бір арнаға тоғыстырып, керемет контент жасай білген.
ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР
Astana TV шілде айында «Сәке» фильмінің 15 сериясын көрсетті. Орташа рейтингтің 0,79%-ын алды. Ал 19-шы эпизодты көптеген көрермен тамашалаған. Басқа сериалдардың жекелеген сериялары да ең жоғары рейтинг бойынша алғашқы ондыққа ие болды. Десе де орташа көрсеткішке жеткендердің кестесінде Qazaqstan Ұлттық телеарнасының салмағы басым. «Құдаша қыз» телехикаясының 22 шығарылымы екінші орында тұр.
Көркем туындылардың жағдайы төмендегідей: 31 арнашілде айында 4 рет «Келін особого назначения» комедиясын көрсеткен. Осылайша орташа рейтинг бойынша үшінші және 13 шілде яғни сенбі күні фильмді көрсеткені үшін бірінші орын алды. НТК арнасынан берілген «Ищу тоқал для мужа» картинасы орташа рейтинг бойынша бірінші, ал ең жоғары рейтинг бойынша үшінші орынға тұрақтады.
Ең жоғары және орташа рейтинг бойынша үздік деректі фильм Еуразия бірінші арнасының эфирінен 12 шілде күні шыққан «Жизнь после» деп аталатын фильм.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Баршаңызға мәлім шілде айы футболдан Еуропа чемпионатынан басталып, жазғы Олимпиада ойындарымен аяқталды. Спорт сүйер қауым да теледидар алдына жиі жиналып, бір серпіліп қалды. Телевизиялық көрсеткіштер де күрт өзгерді. Көптеген арналар Париждегі олимпиада ойындарын көрсетудің аккредитациясын алып, төрт жылдықтың басты ойындарын тікелей эфирден көрсетті. Qazaqstan және Kazsport ел тұрғындары мен Франция арасындағы алтын көпір болды деуге де болады.
Елордалық Astana TV арнасы шілде айында «Осман-5» сериалының 56 сериясын көрсетіп, 20 шілдедегі серия бойынша ең жоғары рейтинг жинап бірінші орынды иеленді. Осы санаттағы екінші орын Жетінші арнадан берілетін «Великолепный век. Хюррем» хикаясының еншісінде. Үшінші орынды Qazaqstan арнасынан көрсетіліп жүрген «Зейнеп» сериалы алды. Орташа рейтинг бойынша кестеде Еуразия бірінші арнасы басым. Бұл арнада он фильм мен телехикаяның тоғызы эфирге шықты. Көшбасшылар үштігі: «Черное солнце», «Заповедный спецназ» және «Заповедный спецназ-2» картиналары.