ҮЗДІК 10 АРНА
Дәстүрге айналып келе жатыр десек те қателеспейміз. Осы аптада да Еуразия бірінші арнасы бірінші орынға ие болды. Ал Qazaqstan мен КТК арналары бірдей көрсеткішке қол жеткізіп, екінші орынға қол жеткізді. НТК арнасы үздік үштікі қортындылады.
ТОП-10 АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Осы аптада КТК әріптестерін оқ бойы озық шығып, көш бастады. Осылайша Еуразия бірінші арнасының ақпараттық бағдарламаларын артта қалдырды. Еуразия жаңалықтары екінші және үшінші орындарға қол жеткізді. Үздік бестікте Qazaqstan арнасындағы «Ақпарат» және 31 арнадағы «Informburo» бар.
Qazaqstan арнасындағы «Апта» өз санатында суырылып алға шықты. Оның көрсеткіші 0,57%-ға жетті. Ал 24 KZ арнасының «Спецпроект» жобасының жексенбілік шығарылымы екінші орынға, МИР телеарнасындағы «Специальный репортаж» үшінші орынға табан тіреді.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМА
Әзіл-сықақ бағдарламаларының рейтингі ақпараттық-сараптамалық хабарлардың рейтингімен салыстыруға болатындай көрсеткіштерге қол жеткізетінін ескере кету керек. Мәселен, КТК эфирінен берілген «Шаншар» театрының қойылымы 0,58% көрсеткішке ие болып, бірінші орынға шықты. Ал осы санаттағы басқа тетарлардың концерттерінің рейтингтері 0,11% -дан 0,34% -ға дейін ғана көрсеткіш жинаған.
Өзге де ойын-сауық бағдарламаларына ойын бағытындағы жобалар, сұхбаттар, аспаздық шоулар, сән әлемі, цирк, құрылыс және үй жөндеу, автомобильдер туралы бағдарламалар кіреді. Бұл санат бойынша бірнеше апта бойы КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» жобасы бірінші орынды ешбір әріптесіне бермей келеді.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Осы аптада Ақбота Керімбекова мен Ұлықпан Жолдасовтың шығармашылық кештері танымал музыкалық бағдарламалардың ондығына кіріп, үшінші және төртінші орындарды иеленді. Бірінші орында әдеттегідей Qazaqstan арнасынан апта сайын берілетін «Жарқын жүздесу» концерттік бағдарламасы тұр.
Танымдық контентке келер болсақ, бұл санатта еліміздегі негізгі телеарналардың эфирінен көрермен назарына ұсынылып жүргентаңғы ойын-сауық бағдарламалары үнемі көш бастайды. Көрермендердің танымдық мазмұнға деген қызығушылығы оянатын ең тиімді уақыт-күннің бірінші жартысы.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
Еуразия бірінші арнасы мен КТК әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың алғашқы үздік үштігінде нық сеніммен тұр. «Koremiz» және «Дау-дамайсыз» ток-шоулары өзекті де өткір мәселелерді қалт жібермейтін қырағы көрерменді теледидар алдына көптеп шоғырландырады.
Балапан телеарнасының анимациялық сериалдары мен кішкентай көрермендерімізге арналған бағдарламалары ересектерге арналған контентке лайықты бәсекелес бола алады. Тіпті кей кездері олардың рейтингтері басқа санаттағы көшбасшыларға қарағанда жоғары болатыны содан.
ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР
Бірінші орында Qazaqstan арнасынан беріліп жүрген «Жат бауыр-2» телехикаясы тұр. Ал Балапан арнасындағы «Ауыл жұлдыздары» деп аталатын балаларға арналған сериал екінші орында. Бейсенбінің кешінде эфирге шыққан сериясы рейтингтің 0,75%-ын жинаған екен. Үздік үштікті AstanaTV арнасындағы «Саке-2» қортындылады.
Үздік фильмдердің санатында көшті «Ищу тоқал для мужа» картинасы бастап тұр. Комедия НТК арнасынан берілген. 31 арнадан көрсетілген «Бишарашки» мен «Маша и Дударай» фильмдері де үздіктер қатарында.
Үздік деректі фильм жексенбі күні Qazaqstan телеарнасынан көрсетілген «Бірегей» жобасы.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Еуразия бірінші арнасындағы «Поле чудес» шоуы өткенаптада айды аспанды шығарды. Өйткені өзінің ең негізгі бәсекелесі болып келе жатқан НТК арнасындағы «Однажды в России» жобасынан үшесе артық рейтинг жинап, бірінші орынға шықты. Үшінші орында МИР телеарнасындағы «Миллион за 56 минут» жобасы тұр.
«Великолепный век. Хюррем» Жетінші арнаны бірнеше апа бойы бірінші орыннан түсірмей келе жатыр. Ал Qazaqstan телеарнасындағы «Зейнеп» түрік сериалы да бірінші орында. Еуразия бірінші арнасынан көрсетіліп жүрген «Ищейка-2» хикаясы да үздік үштікте.