Үздік 10 арна

Күзде дәстүр бойынша еліміздегі барлық телеарнада жаңа маусым шымылдығын түріп, жаңа әрі ерекше жобалардың тұсауы кесіледі. Осынау маусымдық бәсекеде эфирлеріне тың дүниелер бере білген, алғашқы күндерден көрермен назарына өздеріне аударған арналар бар ма? Бірге саралап көрейік. Еуразия бірінші арнасыбірінші орындысақтап қалды, екінші орынға КТК оралды, ал Qazaqstan үшінші орын алды. Сондай-ақ, Kazsport үздік ондыққа қайта оралды.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

3 қыркүйек яғни сейсенбі күні КТК жаңалықтары ең жоғары рейтингке ие болды (1орын). Осыған байланысты Еуразия бірінші арнасының орыс және қазақ тілдеріндегі жаңалықтары екінші және үшінші орынға тұрақтады.

Күз келіп, Үкімет жұмысы да жанданды. Бұл Еуразия бірінші арнсының сараптамалық бағдарламаларына көшбасшылық позицияларға қайта оралатын жол ашқандай. Ал Qazaqstan арнасының «Апта» бағдарламасы үздік үштікті қортындалады.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

КТК «Шаншар» әзіл-сықақ театрының шығарылымы және «Астарлы ақиқат» ток-шоуымен ойын-сауық санаттарында көш бастап тұр. Өздерінің эфирлік кестесіне «Алдараспан» ұжымының концертін қойған арналар үшін осы апта өте сәтті болды. Бұл AstanaTV, Almaty TV және 31 арна. Алайда бұл санаттағы жобаларды жиі тамашалайтын көрермен «QosLike», «Кел, шырқайық!» және «Бір болайық» телевизиялық бағдарламаларын жібермеуге тырысатынын көрсеткіштер айқындап тұр.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарлама

КТК арнасы өз эфирінен берген «Сен барда. Қуаныш пен Қарлығаш» концерті танымалдылық рекордын жаңартып, бірінші орынды иеленді. Qazaqstan арнасынан шыққан үш музыкалық бағдарламаның рейтингі сәл төмендеу. Әдеттегідей, концерттердің қаралым деңгейін демалыс күндері айтарлықтай артады.

Таңғы һәм түнге таман көрсетілетін танымдық жобаларда негізгі қос бәсекелес арналар бар. Көрермен де осы арналардың жобаларын жібермей көреді десек артық емес. Еуразия бірінші арнасымен Qazaqstan телеарнасының таңертеңгі бағдарламаларының көрсеткіштері керемет. Осы аптада «1001 түн» үшінші орынға жайғасты.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

Үкіметтің жазғы демалыстан кейінгі жұмысы жанданғалы телевизияның көрсеткіштеріне де өз әсерін тигізді. Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауы еліміздің негізгі арналарында көрсетіліп, үш рет әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың үздік ондығына енді.

Негізгі категорияларға кірмеген бағдарламалардың үлесін Balapan телеарнасының өнімдері алады. Анимациялық телехикаялардан басқа, кішкентай көрермендер авторлық балалар бағдарламаларымен теле додалар шоуларын жиі тамашалайды.

Үздік 10 отандық фильмдер мен сериалдар

Qazaqstan арнасы «Замандастар» және «Әділ Зере» деп аталатын танымал телехикаяларымен осы санаттағы алғашқы орындарға ие болды. Үшінші орын «Сана» сериалын көрсетіп жүрген 31 арнаның еншісінде. Көрермен аптаның кез келген уақыты мен күніне қарамастан сериалдарды көруге уақыттарын бөледі.

Көркем фильмдер арасында бірінші орынға алғаш рет Balapan арнасы шықты. «Менің де атым Қожа» картинасы көп көрермен жинай білді. Одан кейін НТК және Astana TV арналары тұр. Үздік ондықтағы фильмдердің 70%-ын көрермен сенбі күні тамашалаған екен.

Үздік деректі фильмді КТК көрсетті. 8 қыркүйек, жексенбі күні эфирге шыққан «Иірім» теле циклының эпизодтарының бірі көп рейтинг жинаған.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар

Еуразия бірінші арнасынан беріліп жүрген әйгілі «Поле чудес» шоуы рейтинг көрсеткіштерінде үлкен айырмашылықпен алға озып, біріні орында тұр. Осы аптада Qazsport арнасындағы футбол трансляциясы да үздіктер қатарында. Күз басында спорттық контент көбейді. Өйткені 8 қыркүйекте Астанада бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Бұл күні осы ойындардың ашылу салтанаты өтті, оның Qazaqstan телеарнасындағы көрсетілімі бесінші орында.

Күздің басталуымен жаңа сериалдар мен фильмдердің де жаңа маусымы ашылды. Алайда бұл ел тұрғындарының сүйікті хикаяларына деген қызығушылығын еш төмендеткен жоқ. Жетінші арна мен Еуразия бірінші арнасындағы «Великолепный век. Хюррем»  және «Знахарь» бірінші және екінші орында болса, Qazaqstan арнасы үздік үштікті қортындылап тұр.

Перевод
Facebook
Instagram