ТОП-10 телеарна
Өткен аптада алғашқы ондықтағы арналардың рейтингтерінің айырмашылығы айтарлықтай болды: Almaty TV арнасы – 0,14%, ал Евразия бірінші арнасы – 0,96%. Бұл арналар жалпы көрермендердің 87%-ын қамтиды. Көшбасшылар қатарында Евразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan бар.

ТОП-10 жаңалық және ақпараттық-талдамалық бағдарламалар
Евразия бірінші арнасының төрт жаңалықтар бағдарламасы өз санатында алғашқы ондықтан түспей келеді. Бірінші және үшінші орындарда – «Главные новости» мен «Басты жаңалықтар», ал екінші орында – КТК арнасының сейсенбі күнгі «Новости КТК» жаңалықтар шығарылымы.

Апталық қорытынды жасайтын талдамалық бағдарламалар көрермендерге маңызды оқиғалардың жалпы көрінісін ұсынды. Өткен аптада Евразия бірінші арнасының «Аналитика» және «Парламент онлайн» бағдарламалары мен Astana TV арнасының «Sapar Times» жобасы кең көрермен аудиториясын қамтыды.

ТОП-10 ойын-сауық бағдарламалар
КТК және Astana TV арналарында көрсетілген «Алдараспан» бағдарламасы өткен сенбіде ең көп көрермен жинады. Үшінші орыннан бастап төрт бағдарлама (Qazaqstan арнасындағы «Әзіл әлемі» және басқа жексенбілік шоу-бағдарламалар) рейтингтің жоғары сатысында тұр.

КТК-ның «Астарлы ақиқат» бағдарламасы 25 ақпандағы шығарылымымен ойын-сауық ток-шоулар санатында көш бастады. Одан кейін Евразия бірінші арнасының «QosLike» және Жетінші арнадағы «Маска Kazakhstan» шоуы тұр.

ТОП-10 музыкалық және білім беру бағдарламалар
Музыкалық бағдарламалар әсіресе демалыс күндері жоғары рейтингке ие. Бірінші үштікке Qazaqstan мен КТК арналарындағы концерттік бағдарламалар («Көңіл толқыны», «Әнім сен едің», Мақпал Жүнісованың мерейтойлық концерті) кірді.

Qazaqstan арнасындағы «Замандастар» бағдарламасы өз санатында жоғары рейтингке ие болды. Бұл бағдарламада танымал тұлғалар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ құндылықтар мен уақыттың түрлі ұрпаққа әсерін талқылайды.

ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағдарламалар
Бұл санатта Qazaqstan телеарнасы басымдыққа ие – алғашқы ондықтың 8 орнын иеленді. Алайда бірінші орын Евразия бірінші арнасының «Koremiz show» ток-шоуына тиесілі.

Balapan арнасындағы «Бізбен биле!» би бағдарламасы рейтингте жоғары орынға ие болды. Одан кейін кулинарлық «Аспаз мектебі» және тартысты «Бауырлар додасы» бағдарламалары келеді.

ТОП-10 қазақстандық сериалдар мен фильмдер
«Бір үйдің балалары» сериалы осы аптада да көшбасшы болып қала берді. Одан кейінгі орындарда 24 ақпанда көрсетілген «Сезім толқыны» және «Қара шаңырақ» сериалдары тұр. Бұл үш сериал да Qazaqstan телеарнасының өнімдері.

Өткен жылдың соңында кинотеатрларда сәтті көрсетілген «Нурикамал» драмасы көрермендерді экран алдына жинады. Екінші орында Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі. Бұл екі фильм де Qazaqstan телеарнасынан көрсетілді. Үшінші орында Astana TV арнасының «Донор» көркем фильмі.

Сонымен қатар, Хабар арнасындағы «Әке бақыты» деректі циклы көрермен ықыласына бөленді. 2 наурызда көрсетілген бұл фильм аптадағы ең рейтингі жоғары деректі бағдарлама атанды.

ТОП-10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер және сериалдар
Шетелдік жобалар тек 13 санаттың екеуіне ғана ене алды. Бұл санаттағы бәсеке жоғары болғандықтан, рейтингтің жоғарғы қатарына шығу қиын. Шетелдік бағдарламалар арасындағы көшбасшы – «Поле чудес» ток-шоуы (Евразия бірінші арнасы ). Бұл шоу жылдар бойы қазақстандық көрермендердің сүйікті бағдарламаларының бірі болып келеді.

Шетелдік сериалдар мен фильмдер арасында ең танымалдары – түріктің «Великолепный век. Хюррем», «Бесценное время» және украиналық «Любовь матери». Бұл сериалдар Жетінші арнасы және Евразия бірінші арнасы арқылы көрсетілді.
