ТОП-10 арна
Үшінші апта қатарынан апталық рейтинг көшбасшылары өз орындарын сақтап отыр. Бұл – Евразия бірінші арнасы, КТК және Жетінші арна. Мұндай нәтижеге олардың редакциялық топтарының қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі себеп. Екі аптаға созылған бәсекеден кейін Astana TV төртінші орынға қайта оралды. Алайда бұл рейтингтің өсуімен емес, Мир, НТК және 31 арнасының көрсеткіштерінің төмендеуімен байланысты болды.

ТОП-10 жаңалықтар мен ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар
Өткен аптада Евразия бірінші арнасының жаңалықтар бағдарламалары алғашқы екі орынды иеленді. Сейсенбі күнгі орыс тіліндегі «Главные новости» және бейсенбі күнгі қазақ тіліндегі «Басты жаңалықтар» бағдарламалары ең көп көрермен жинап, жаңалықтар санатында үздік деп танылды. Үшінші орын – КТК арнасының «Жаңалықтар» бағдарламасына тиесілі.

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар санатында да Евразия бірінші арнасы жүлделі үш орынды иеленіп отыр, бірақ орын ауыстырулармен: көшбасшылыққа Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы туралы шолу бағдарламасы шықты.

ТОП-10 ойын-сауық бағдарламалар
«Шымкент Шоу», «Алдараспан» және «Әзіл Time» бағдарламалары тағы да ең жоғары рейтингтерді жинады. Демек, КТК, Astana TV және Жетінші арна үздіктер қатарында. Аптадағы үздік 10 әзіл-сықақ бағдарламасының 9-ы сенбі және жексенбі күндері эфирге шыққан.

Ойын-сауық ток-шоулары арасында өзгеріс жоқ. Өткен аптаның көшбасшылары өз орындарын сақтап қалды: КТК арнасындағы «Кел, шырқайық!», Евразия бірінші арнасының «QosLike» және қайтадан КТК-ның 14 мамырда шыққан «Астарлы ақиқат» бағдарламасы.

ТОП-10 музыкалық және танымдық бағдарламалар
Жексенбі күнгі концерттік бағдарламалар көрерменнің ең көп назарын аударды. Ең жоғары рейтингтерге КТК және Qazaqstan арналарының «Әнім сен едің», «Ән мен әнші» және байқау шоуы «Жұлдызды жұп» ие болды.

«Замандастар» бағдарламалар циклі 24 мамырдағы шығарылымымен тағы да бірінші орынға көтерілді. Екінші және үшінші орындарда – Евразия бірінші арнасының таңғы шоуы мен Qazaqstan арнасының «1001 түн» бағдарламасы.

ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және өзге бағдарламалар
«Koremiz Show» және Евразия бірінші арнасы әлі де көшбасшылықты ешкімге бермей, бірінші орынға ешкімді жақындатпай отыр. Qazaqstan арнасының «Ақорда» бағдарламасы рейтингін екі есеге арттырғанымен, әлі де көшбасшыдан алшақ.

Аптаның соңы оқушылардың оқу жылының аяқталуымен тұспа-тұс келді. Бұрынғы санаттарға енбейтін үздік 10 бағдарламаның көпшілігі жұмыс күндері эфирге шыққан. Бұл жолғы рейтингтер де алдыңғы аптамен салыстырғанда көп төмендеген жоқ. Balapan арнасының соңғы қоңырауға арналған мерекелік бағдарламалары мен жазғы маусымдағы көрсетілімдерін күтеміз.

ТОП-10 қазақстандық сериалдар мен фильмдер
Отандық сериалдар санатында бірінші орынды бейсенбі күнгі эпизодымен Balapan арнасының «Томпақ» сериалы алды. Тағы бір балалар сериалы – «Табиғат сақшылары» – төртінші орында. Екінші орынды Qazaqstan арнасының «Құдаша қыз» сериалы иеленсе, үшінші орында – Astana TV-ның жұма күнгі «Бесплатный адвокат» сериясы.

Апта үздіктері деп танылған екі фильм де жексенбі күні эфирге шықты: Astana TV-дағы «Каникулы Off-line-2» және Qazaqstan арнасындағы драма – «Шал». Үшінші орын – 31 арнасының комедиясы «Студент Көке».

Atameken Business арнасында жұма күні көрсетілген «Бурабай» шипажай аймағы туралы деректі фильм – аптадағы ең жоғары рейтинг жинаған деректі жоба атанды.

ТОП-10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар
Шетелдік контентті таратушы арналар арасында Евразия бірінші арнасы алдыңғы орында тұр. Оның «Поле чудес» және «Перепой звезду» шоуы бірінші және екінші орындарда. Үздік үштікті Мир арнасының «Игра в кино» бағдарламасы түйіндейді. Сонымен қатар, үздік ондыққа спорттық бағдарламалар мен балалар мультфильмдері де енді.

Апталық рейтингтің алғашқы үш орнын түрік сериалдары иеленді: «Бесценное время», «Великолепный век. Кесем» және «1001 ночь». Бұл сериалдардың бәрі Жетінші арнада күн сайын эфирге шығады.
