ТОП-10 телеарна

Өткен аптадағы арналардың орналасу реті алғашқы алты жолда өзгеріссіз қалды, әрі қарай аздаған өзгерістер орын алды. Алайда, бұл өзгерістер алғашқы ондықтың жалпы құрамына әсер еткен жоқ. Бірінші орында – Евразия бірінші арнасы, одан кейін – КТК және Жетінші арна, олардың артынан Мир және Qazaqstan арналар келеді.

ТОП-10 жаңалықтар мен ақпараттық-талдамалық бағдарламалар

Екі категорияда да көшбасшы – Евразия бірінші арнасы. КТК жаңалықтары заңды түрде жаңалықтар арасындағы екінші орынды иемденіп отыр және рейтингтерге қарағанда бұл орынды ешкімге бермейтін сыңайлы. Үздік үштікке жақын – Жетінші арна.

Евразия бірінші арнасының «Аналитика» және «Парламент Онлайн» бағдарламалары ақпараттық-талдамалық бағдарламалар кестесінің басында тұр, үшінші орында – 24KZ арнасының «Арнайы жоба» бағдарламасы.

ТОП-10 ойын-сауық бағдарламалары

Жаздың басы Astana TV, Жетінші арна және Qazaqstan арналарындағы әзіл-қалжыңға толы бағдарламаларға сәттілік алып келді. Жексенбіде эфирге шыққан «Шаншар» мен «Әзіл әлемі театры», дүйсенбіде көрсетілген «Егіз лебіз» жоғары рейтингтерге ие болды.

Ойын-сауық ток-шоулар арасында «QosLike» (Евразия бірінші арнасы) және «Кел, шырқайық!» (КТК) үздік атанды. Сондай-ақ Alma TV арнасының «Жұлдызды караоке» бағдарламасы да жоғары көрсеткіш көрсетті.

ТОП-10 музыкалық және танымдық бағдарламалар

Qazaqstan арнасы жұма күні көрсеткен «Beu Fest» музыкалық фестивалі көрермендерді көптеп жинады. Сондай-ақ бұл арна 3, 4 және 6-орындарды түрлі концерттік бағдарламаларымен иеленді. Екінші орында – Astana TV арнасының «Шымкент Думан» концерті.

Танымдық бағдарламалар категориясында алғашқы жеті орынды Qazaqstan арнасының жобалары алды. Бірінші орында – «Замандастар» циклі, екінші – «Tansholpan» таңғы шоуы, үшінші – «Тұлға» бағдарламасы.

ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және өзге бағдарламалар

Бұл категорияда Евразия бірінші арнасы мен Qazaqstan арнасы пьедесталды бөлісті. Бірінші орында – ток-шоу «Koremiz Show», екінші – «Ақорда», үшінші – сурдотәржімамен көрсетілген «Ашық алаң».

Дәстүр бойынша, өзге бағдарламалар арасында Balapan арнасының балаларға арналған бағдарламалары мен мультсериалдары көш бастап тұр. Үздік үштікке «Тәтті балақайлар», «Дәрігер Дана», «Су астындағы оқиға» кірді.

ТОП-10 қазақстандық сериалдар мен фильмдер

Балаларға арналған сериалдар екі рет үздік ондыққа енді. Бірінші орында – «Томпақ оралуы» (Balapan), бесінші орында – «Томпақ».

Екінші және үшінші орындарды Qazaqstan арнасының «Ауыл мұғалімі» және «Біздің дәрігер» сериалдары иеленді.

Үздік фильмдерді көрермендер Хабар («Жар-жар»), 31 арна («Біз екеуміз») және Astana TV («Көке») арналарынан тамашалады. Барлығы 14 маусым, сенбі күні көрсетілген. Ең танымал фильмдердің көпшілігі комедия жанрында түсірілген.

Маусымның екінші аптасы қазақстандықтардың есінде Қытай делегациясының елордаға сапарымен есте қалды. Бұл оқиға 15 маусымда 24KZ арнасынан көрсетілген «Ұлы дала елі мен аспан асты елі: Көршілер, серіктестер, достар» деректі фильмінің рейтингіне оң әсер етті.

ТОП-10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар

Евразия бірінші арнасы мен Qazsport тағы да үздіктер қатарында. «Поле чудес» ойын шоуы FIFA 2026 әлем кубогына іріктеу турнирінен әлдеқайда жоғары рейтингке ие болды. Мир арнасының қорытынды «Вместе» бағдарламасы екінші орынды аз ғана айырмашылықпен жіберіп алды.

Шетелдік сериалдар мен фильмдерді көрсететін арналар ішінде бірінші орында – КТК, онда «Шеф. Көтерілу ойыны» сериалы көрсетілді. Келесі үш орын – Жетінші арнаға тиесілі, онда түрік сериалдары: «Бесценное время», «Великолепный век. Кесем», «1001 ночь» көрсетілді.

Перевод
Facebook
Instagram