Үздік телеарналар
Маусым айында үздік үштік өзгерген жоқ – Евразия бірінші арнасы, КТК және Жетінші арна. Бұл ретте Мир арнасы өз орнын жақсартып, төртінші орынға көтерілді. 31 арна, Astana TV, НТК, Qazaqstan арналарының рейтингтері төмендегенімен, әлі де үздік ондықтан түскен жоқ.

ТОП-10 жаңалықтар мен ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар
Маусым айындағы ең жоғары рейтингті 10 маусымдағы Евразия бірінші арнасы эфиріндегі «Басты жаңалықтар» шығарылымы жинады. Бұл бағдарлама 21 шығарылымнан тұрады және орташа рейтинг бойынша екінші орынды иеленді. «КТК жаңалықтары» 24 маусымдағы шығарылымымен екінші орында, ал орташа рейтинг бойынша үшінші орынға тұрақтады. Ай бойындағы орташа рейтинг бойынша Жетінші арнадағы «Жаңалықтар 21:30» бағдарламасы көш бастады.


Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар санатында Евразия бірінші арнасы көшбасшы. Оның «Аналитика» және «Парламент Онлайн» бағдарламалары екі көрсеткіш бойынша да алғашқы екі орынды иеленді. Сонымен қатар, «Асау жаңалықтар» бағдарламасы орташа рейтинг бойынша үшінші орында. Максималды рейтинг бойынша үшінші орын – Astana TV арнасындағы «Sapar times» бағдарламасында.


ТОП-10 әзіл-сықақ бағдарламалар
Қазақстандық телеарналарда әзіл-сықақ бағдарламалар саны көп және олардың өз көрермендері бар. Astana TV 15 маусымдағы «Шаншар» шоуымен максималды рейтинг бойынша бірінші орын алды. Сонымен қатар, орташа рейтинг бойынша «Шымкент Шоу» және «Әзілін жарасса» бағдарламаларымен екінші және үшінші орындарды иеленді. Орташа көрсеткіш бойынша бірінші және максималды рейтинг бойынша үшінші орын – КТК арнасының «Алдараспан» шоуында. Жекелеген шығарылымдар бойынша екінші орын Жетінші арнадағы «Әзіл әлемі» театрының концертіне тиесілі.


Евразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan арналарындағы «QosLike», «Астарлы ақиқат» ток-шоулары мен «Тұмар» ұлттық телемарапаты көп көрермен жинады.


ТОП-10 музыкалық және танымдық бағдарламалар
Музыкалық бағдарламалар санатында Qazaqstan телеарнасы алдыңғы орында: максималды рейтинг бойынша – 6 орын, орташа рейтинг бойынша – 7 орын. Онымен бірге алғашқы үштікке Жетінші арна мен КТК енеді.


Танымдық бағдарламаларда да Qazaqstan арнасы басым (7/6). Максималды рейтинг бойынша бірінші орынды «Замандастар», ал орташа рейтинг бойынша «Amanat 2025» медиа премиясы алды.


ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар
Әлеуметтік мәселелерді қозғайтын ток-шоулардың өз аудиториясы бар. Бұл бағдарламалардың рейтингі ойын-сауық контентке қарағанда жоғары. Мәселен, Евразия бірінші арнасы эфиріндегі «Koremiz Show» 42 рет көрсетілді және орташа рейтинг бойынша екінші орынды иеленді. Ал 3 маусымдағы шығарылым максималды рейтинг бойынша бірінші орында.


Басқа бағдарламалар арасында көшбасшы – Balapan арнасы және оның балалар бағдарламалары мен мультсериалдары. Жазғы демалыс кезінде балаларда бос уақыт көбейгендіктен, бұл бағдарламалардың да рейтингі артты.


ТОП-10 қазақстандық сериалдар мен фильмдер
Жаз мезгілі сериалдар рейтингіне де әсер етті – Balapan арнасының үш балалар сериалы үздік ондыққа кірді. Ең жоғары рейтинг бойынша бірінші және екінші орындар – «Томпақ» және «Томпақ оралуы». Үшінші орын және орташа рейтинг бойынша бірінші орын – Astana TV арнасындағы «Аппақ келін» сериалына тиесілі.


Көркем фильмдер арасында ең үздігі – КТК арнасының «Zero» фильмі. Екінші орынды Astana TV-дің «Донор» және Qazaqstan-ның «Ғашығым» фильмдері бөлісті. Соңғысы максималды рейтинг бойынша үшінші орын алды. Ал орташа рейтинг бойынша үшінші орын – КТК-ның «Любовь на миллион» фильмі.


Айдың ең үздік деректі фильмі – Евразия бірінші арнасы 22 маусымда көрсеткен «Біздің соғыс» циклінің эпизоды.


ТОП-10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер және сериалдар
Евразия бірінші арнасындағы «Поле чудес» ток-шоуы көпшілік көрерменнің сүйікті бағдарламасы болып қала беруде – 4 шығарылым бойынша да максималды және орташа рейтингте бірінші орында. Екінші және үшінші орындар – Qazsport арнасындағы Футболдан Әлем кубогының трансляциялары. Орташа рейтинг бойынша екінші орын – Евразия бірінші арнасы көрсеткен «Пусть говорят» ток-шоуының 16 шығарылымында. Үшінші орын – Almaty TV арнасындағы «Кто расскажет небылицу» мультфильміне тиесілі.


КТК арнасындағы Шеф туралы сериал көрермендердің назарын аударды – орташа рейтинг бойынша бірінші, ал максималды бойынша екінші және үшінші орындарда. Максималды рейтинг бойынша бірінші орын – Жетінші арнадағы түрік сериалы «Бесценное время».
Орташа рейтинг бойынша үздік ондықтың 9 жолын Евразия бірінші арнасы көрсеткен фильмдер мен сериалдар иеленген

