ТОП-10 арна

Аптаның үздік үш арнасы өзгеріссіз қалды – бұл Еуразия бірінші арнасы, КТК және Жетінші арна. 31 арна апталық бағдарламаны сәтті орындап, бірден екі бәсекелесін – Мир және Astana TV арналарын артта қалдырып, 4-орынға көтерілді. Елорда күніне арналған бағдарламалар жалпы рейтингке әсер еткен жоқ.

ТОП-10 жаңалықтар мен ақпараттық-талдамалық бағдарламалар

Жаңалықтар бағдарламаларының алғашқы үштігіне жаңа ойыншы қосылды – Еуразия бірінші арнасы мен КТК-дан кейін 3-орынға 31 арна шықты. 30.06 күнгі «Informburo» шығарылымы 1,17% көрсеткішке жетіп, қазақ тіліндегі Еуразия мен КТК-ның жаңалықтарынан жоғары орын алды.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар арасында Еуразия бірінші арнасы-ның «Аналитика» және «Парламент онлайн» үздік атанса, үшінші орында Astana TV және қорытынды шығарылым «Sapar Times».

ТОП-10 ойын-сауық бағдарламалар

Төрт жексенбілік юморлық шоу жоғары рейтингке ие болды – Жетінші арнадағы «Әзіл әлемі театры» мен «Шаншар», Astana TV-дағы «Алдараспан», және Qazaqstan-дағы Тұрсынбек Қабатовтың мерейтойлық концерті.

Жетінші арна сондай-ақ «Таптым-ау сені» шоуымен ойын-сауық бағдарламалар тізімінде бірінші орында тұр. Артынша Еуразия бірінші арнасы «П@утина» және «QosLike» бағдарламаларымен екінші орында.

ТОП-10 музыкалық және танымдық бағдарламалар

Бұл категорияларда көрерменнің қалауын дөп басатын арна – Qazaqstan. Музыкалық бағдарламалар тізімінің алғашқы үштігінде осы арнаның түрлі концерттік бағдарламалары орналасқан.

Танымдық бағдарламалар ТОП-10-ында Qazaqstan арнасы сегіз түрлі бағдарламасымен ұсынылған, оның ішінде алғашқы екі орын – «1001 түн» және «Astana TVның ажары». Үшінші орында – елордалық арнаның 6 шілдедегі «Болмыс» бағдарламасы.

ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және өзге де бағдарламалар

Резонанс тудырған «Koremiz» ток-шоуы бұл бағытта көшбасшы орнын сақтап қалды. Екінші орында – Еуразия бірінші арнасы «Заң мен ел» бағдарламасымен. Үшінші орында – 24KZ арнасының жұма күнгі «Сенат сөзі» шығарылымы.

Қалған бағдарламалар арасында алғашқы тоғыз орынды Balapan арнасының мультфильмдер, сериалдар мен түрлі балалар бағдарламалары иеленді.

ТОП-10 қазақстандық сериалдар мен фильмдер

Балаларға арналған «Вундеркинд бала» атты Balapan сериалы 0,57% көрсеткішпен отандық сериалдар рейтингін бастап тұр. Екінші орында Astana TV-дағы сенбілік комедиялық сериал «Аппақ келін», үшінші – НТК-дағы «Шыда» сериалы.

Отандық фильмдер арасында көрермендер Qazaqstan-ның жаңа комедиясы «Малай»-ды таңдады. Одан кейінгі орындарда КТК-дағы «Режиссер» және 31 арна-дағы «Zhezduha 50» фильмдері.

5 шілдеде Еуразия бірінші арнасы аптадағы ең үздік деректі фильм – «Доска почетных» циклынан еліміздің танымал тұлғалары туралы белгісіз деректерді ашатын шығарылымды көрсетті.

ТОП-10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар

Еуразия бірінші арнасы шетелдік бағдарламалар тізімінде де көш бастап тұр – «Поле чудес» ток-шоуымен бірінші орында, ал «Пусть говорят» шоуымен екінші орында. Үшінші орында Qazsport және Қазақстан премьер-лигасына арналған шолу.

Фильмдер мен сериалдар ішінде ТОП-10-ның көпшілігін түрік және ресейлік сериалдар құрайды. Бірінші орында – КТК-дағы «Шеф. Возвращение», одан кейін Жетінші арна-дағы «Бесценне время» және «Великолепный век. Кесем» сериалдары.

Перевод
Facebook
Instagram