Қыркүйек айының соңғы аптасында Қазақстанда көрермендер көбіне жаңалықтарды көргенімен, сериалдар, көңілді шоулар мен әлеуметтік бағдарламаларға деген қызығушылық та айтарлықтай артып келеді. Көрермендер бұрынғыша ақпаратқа сенім артса, енді қазақстандық бағдарламаларға көбірек көңіл бөліп, өзіміздің телехикаялар мен өмірге жақын жобаларды жиі қарайды.

Алдыңғы аптадағы үздік үштік өзгерген жоқ. «Еуразия» бірінші арнасы елдегі басты арна ретінде өз орнын сақтап, орташа рейтингте бірінші 0,72% және аудитория үлесінде 19,7%-бен көш бастап тұр. Әдеттегідей, КТК арнасы рейтинг бойынша екінші орында 0,51%-ды көрсетті. Ол қылмыстық жаңалықтар, сериалдар мен деректі фильмдерді негізгі барғдарлама ретінде ұсынады. Ал Жетінші арна үшінші орынға жайғасып, сериалдар мен шоуларды белсенді түрде дамытуда.

Ақпараттық хабарлар телеарналардың негізгі бағдарламасы болып табылады. Ең жоғары рейтингке Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» ие болды, ол 2,45%-ды көрсетті. КТК арнасындағы «Жаңалықтар» бағдарламасы 2,31% рейтингпен екінші орында тұр. Қазақ тіліндегі «Басты жаңалықтар» бірінші арнадан 1,92% көрсетіп, көрермендердің осы форматқа деген тұрақты қызығушылығын дәлелдейді. Сонымен қатар, 31 арнадағы қазақ және орыс тіліндегі «Informburo» бағдарламасы 1,15% рейтингпен көрерменге ұсынылды.

Көрермен тарапынан қоғамдық тақырыптарға қызығушылық едәуір өсуде.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар арасында өткен аптадағыдай, бірінші үштікті Еуразия бірінші арнасындағы тележобалар — «Аналитика», «Асау жаңалықтар» және «Парламент Online»  иеленді. Одан кейінгі орында КТК арнасындағы «Портрет недели» бағдарламасы тұр. Көрермендер қазір тек жаңалықты жеткізіп қана қоймай, болып жатқан оқиғалардың мән-мағынасын түсіндіретін бағдарламаларды жиі таңдай бастады.

Топ 5-тікке енген  әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың рейтингтері көз қуантарлықтай. Рейтингте үздік болып тұрған Еуразия бірінші арнасындағы– «Koremiz show» жобасы 1,62%-ды көрсетті. Бұл бағдарлама ток-шоу элементтерін және әлеуметтік қолдауды біріктіріп, эмоциялық форматымен және шынайы оқиғаларымен көрермендердің назарын ұстап тұр.

Екінші орында «Заң мен ел» бағдарламасы 1,01%-ды көрсетіп тұр, ол да сол арнадан шығып, заңнама мен құқықтық сауаттылық мәселелерін көтереді. Топқа сондай-ақ 31 арнадағы «Әділдік алаңы» ток-шоуы 0,38%-ды құраса, Qazaqstan арнасындағы «Қос палат» пен «Ashyq alan» бағдарламаларының әрқайсысы 0,35%-ды көрсетіп тұр, сондай-ақ 24 KZ арнасындағы «Таза Қазақстан» 0,32%-бен түйіндейді. Бұл бағдарламалар экология, құқықтық және экономикалық тақырыптарды қозғап халықтың қызығушылығын көрсетеді.

Ойын-сауық бағдарламалар арасында ең танымал жобалардың тележұлдыздары Жетінші арнадағы Динара Сатжан мен 31 арнадағы ас үйге жақын жандардың сүйіксі Адель үзтіктер қатарында.  Сондай-ақ, демалыс күндері көрермендер арасында концерттік бағдарламалар мен қазақ өнерпаздарының шығармашылық кештері үлкен сұранысқа ие.

Қазақстандық телехикаялар көрермен назарын әлі де өзіне тарта түсуде. Телеаудитория көбіне отандық оқиғаларға негізделген телехикаяларды таңдайды, әсіресе мелодрама мен әлеуметтік комедия жанрларына қызығушылық жоғары.

Перевод
Facebook
Instagram