Көшбасшы үштік өзгеріссіз қалды – «Еуразия бірінші арнасы», КТК және «Жетінші арна».

Ақпараттық бағдарламалар рейтинг бойынша қайтадан көшбасшылық орындарға шықты.
Бірінші орында – «Еуразия бірінші арнасындағы» «Главные новости» бағдарламасы. Орташа рейтинг – 1.87%-ды көрсетті. КТК жаңалықтары да тұрақты танымалдылығын көрсетті, орташа рейтинг – 1.26%. Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» және 31 арнадағы «Informburo» бағдарламалары танымалдық бойынша үздік бестікте.


Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар санатында – Еуразия бірінші арнасының «Koremiz show» және «Заң мен ел» бағдарламалары көшбасшылар қатарынан көрінді. Сондай-ақ, Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Әлем және біз» жобасы да бар.


Ал үздік бағдарламалар қатарында Qazaqstan арнасындағы «Қос палата» және 31 арнадағы «Әділдік алаңы» бағдарламалары көрерменнің көзайымына айналды.
Ай сайынғы орташа рейтинг бойынша Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы бірден үш жолды иеленіп, жоғары көрсеткішке жетті.


Қазақстандық телехикаялар көрермендердің назарын әлі де өзіне аударуда.
Хабар арнасындағы «Келінжан-6» айдың ең көп қаралған телехикаясы болды – 52 эпизод, орташа рейтингі 0.45%.
Одан кейінгі орындарда Qazaqstan арнасының «Ақжауын-3» телехикаясының рейтингі 0.27%-ды көрсетсе, Жетінші арнадағы «Кеш келген махаббат» рейтинг бойынша 0.28%-бен үздік үштікте.


Қыркүйек айында қазақстандық көркем фильмдер телехабар кестесінен елеулі орын алып, көрермендердің тұрақты қызығушылығын көрсетті. Ең жоғары рейтинг жинаған фильм — Astana TV арнасындағы «Таптым-ау сені». Сонымен қатар «Сен маған керексің» фильмі де жақсы нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ танымал туындылар қатарында Хабар және Astana арнасында көрсетілген «Ажырасам» және «Адал Алаяқтар» фильмдері бар. 31 арнада «Родной 2» отандық комедиясы, ал Almaty арнасындағы «Замуж в 30» фильмі үздіктердің ішінде.
Фильмдердің көпшілігі демалыс күндері көрсетілді және олар махаббат, отбасы, әлеуметтік тақырыптарды қамтыды. Бұл — көрермендердің күнделікті өмір мен мәдени болмысты бейнелейтін қазақстандық туындыларға деген қызығушылығының жоғары екенін дәлелдейді.


Қазақстандықтардың басым көпшілігі ұнататын, әр сәтті әзілмен жеткізетін бағдарламалар арасында ең жоғары рейтингке Жетінші арнадан көрсетілген «Әзіл әлемі театры» және Qazaqstan, Jibek Joly арнасындағы Тұрсынбек Қабатовтың бағдарламалары ие болды.


Ойын-сауық және лайфстайл бағдарламалар арасында көшбасшы болып тұрған — Еуразия бірінші арнасының «QosLike» жобасы. Бағдарлама ең жоғары орташа рейтингке ие болды. Бір айда 22 рет эфирге шығып, 0.98%-ды көрсетті.
Сондай-ақ үздіктер қатарына Жетінші арнадағы «Late Night Show with Dinara Satzhan» бағдарламасы – 0.22%-бен жақсы нәтиже көрсетті, ал 31 арнаның тәтті бағдарламасы «Готовим с Адель» – 0.21%-бен топ жарып, таңдаулы үштікке енді. Бұл жобалар тұрақты көрсеткіштерімен ерекшеленді.
Интеллектуалдық бағыттағы бағдарламалар қатарында «Ойна IQ», «Тапқыр Отбасы», «Қызық екен», «Tele boom», «Daryn» жақсы нәтижелер көрсетті, бұл көрермендердің танымдық және интерактивті контентке деген қызығушылығын растайды.


Шетелдік бағдарламалар арасында қыркүйекте көрермендердің назарын UEFA Чемпиондар лигасының футбол трансляциясы ерекше аударды. 30 қыркүйекте QazSport арнасында көрсетілген матчтың рейтингтері – 10,38%, ал Qazaqstan арнасында – 4,72% болды.
Сонымен қатар, үздік ондыққа FIFA 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің футбол матчтарының трансляциясы мен 2025 жылы Ливерпульде өтетін Әлемдік бокс чемпионатының бағдарламалары да енді.


Қыркүйек айының қорытындысы бойынша: теледидар сенім мен эмоционалды байланыстың негізгі көзі болып қала береді. Жергілікті контент пен отандық фильмдер — жаңалықтардан бастап телехикаяларға дейін өз орнын одан әрі нығайтты. Әлеуметтік маңызды тақырыптарды қозғайтын жобалар көрермендердің телеарналарға деген қызығушылығын арттырып, телеарналардың негізгі қозғаушы күші болып отыр. Қазақстандық көрермен белсенді, саналы және талапшыл екенін көрсетті.