16 қарашадан бастап демалыс күндері «31 арнада» «Менің Фаризам» телехикаясы көрерменге жол тартпақ. Өткір мінезді, сөзі сүйектен өтетін ақын қыздың өмір жолы көрермен назарына ұсынылады.

Фариза Оңғарсынова әр сөзіне халық сенген ақын. Ол атақ үшін емес, әр өлеңін шындық үшін жазды. Телехикая оның жүріп өткен жолын көрсетеді, Атыраудың балықшы ауылынан қарапайым қыздан Парламент депутаты болуға дейінгі, тұтас бір ұрпаққа үлгі болған тағдыры бейнеленеді.
Фариза 1939 жылдың 25 желтоқсанында Гурьев облысының Манаш ауылында дүниеге келді. Анасының сауаты жоқ болса да, жас Фариза кешкісін үйде кітап оқып, өлең жаттап, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігінің арқасында ақындыққа бет бұра бастайды. Осылайша дала желі мен құмның арасындағы ортада болашақ ақынның поэзиясы қалыптасады.
Фаризаның алғашқы «Соловей» жинағы 1967 жылы жарық көрді. Бұл еңбек Қазақстандағы әйел поэзиясының жаңа толқынын ашып, әдебиетке жаңа дем берді. Сыншылар Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын нағыз серпіліс деп атап, оның дауысы қазақ әдебиетінің болмысын өзгертті.
«Менің Фаризам» телехикаясы ақын қыздың өмірінен сыр шертетін ерекше көркем туынды. Бұл өткен даналар дәуіріне сапар десекте болады. Он бөлімнен тұратын телехикаяда көрермен ақынның балалық шағындағы алғашқы өлеңдерін естіп, махаббатқа толы сәттерімен қоса қайтпас қайсарлығының арқасында жеткен жетістіктеріне куә болады.
Фаризаның қасында Қазақстан мәдениетінің қалыптасуына өз ізін қалдырған Мұқағали Мақатаев, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сияқты тұлғалар да бой көрсетеді.
Басты рөлді Жанат Чайкина сомдаса, жас Фаризаны Ажарлым Мағзұм, кейіпкердің балалық шағын Мақпал Құлбек пен Иһдинәс Нұрлан көрсетеді. Мұқағали бейнесін Азамат Сатыбалды сомдайды. Жобаның режиссері Ернат Байұзақ, бас продюсері Ерке Байжігіт.
«Менің Фаризам» телехикаясы өз болмысынан қорықпайтын, қайсар мінезді әйелдің бейнесін көрсетеді. Фариза Оңғарсынованың тағдыры арқылы жас ұрпаққа шабыт береміз деп үміттенеміз. Мұндай телехикаялардың «31 арна» эфирінен көрсетілетіні біз үшін аса маңызды. Көрерменнің көңілінен шығатынына сенімдіміз», — дейді «31 арна» телевизиялық өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Анар Ибраева.