Қазан айы жаңалықтар да, телебағдарламалар да оқиғаларға толы болды. Көрермендер саясат, комедия, франшизалар, отбасылық драмалар, таңғы ток-шоулар және кешкі сериалдар арасында таңдау жасады. Біз 100 000+ халқы бар қалалар бойынша 6 жастан бастап қарайтын аудитория деректеріне сүйеніп, айдың негізгі үрдістерін жинақтадық.

Жаңалықтар: Еуразия бірінші арнасы мен КТК көш бастады

Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости» орташа рейтинг бойынша айқын лидер атанды. КТК жаңалықтары – сенімді екінші орында әрі шығарылым саны ең көп. Топқа сондай-ақ 31 арнадағы «Informburo», Qazaqstan-дағы «Ақпарат» және қазақ тіліндегі жаңалықтар кірді. Сурдотілдік аудармасы бар шығарылымдар да өңірлерде жақсы нәтиже көрсетті.

Аналитика: саясат пен түсіндірмелі контентке сұраныс

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар танымалдылығын арттырды. КТК-дағы «Портрет недели» – максималды рейтинг бойынша, Еуразия бірінші арнасындағы «Парламент Online» – орташа рейтинг бойынша көшбасшы. Сонымен қатар «Аналитика», «Асау жаңалықтар», «Апта», «Sarap times», «Пульс планеты» көрерменнің тұрақты қызығушылығын сақтады.

Әлеуметтік бағдарламалар: құқық, кәсіп және даму

Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz show» мен «Заң мен ел» үздік қатарында. 31 арнаның «Әділдік алаңы» 13 шығарылыммен алғашқы үштіктен орын алды. Құқық, реформа, кәсіпкерлік және өңірлік даму тақырыптары аудиториядан қолдау тапты.

Юмор: кешкі уақытта тұрақты сұраныс

Қазақ тіліндегі әзіл-сықақ контенті әсіресе жұма мен сенбі күндері жоғары рейтинг көрсетті. Бұл сегментте Седьмой канал сенімді көш бастап тұр.

Ойын-сауық: реалити, ток-шоу, лайфстайл

Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike» ойын-сауық контенті арасында абсолютті фаворит (рейтинг – 1.86%). Көрермендер эмоцияға, шынайы оқиғаларға және реалити форматындағы кейіпкерлерге басымдық береді.

Музыкалық контент: шоулар мен концерттер

«The Voice Қазақстан» (Хабар) және «Ән мен әнші» (КТК) – орташа рейтинг бойынша үздік жобалар. Qazaqstan арнасындағы мерекелік және мерейтойлық концерттер де жоғары көрсеткішке ие болды.

Сериалдар: отбасы және жастар драмалары

Кешкі эфирде сериалдар басым орын алды. «Келінжан-6» (Хабар) және «Аллигатор» (Еуразия бірінші арнасы) айдың үздік сериалдары атанды. Сонымен қатар «Зу-Зу Күлпәш», «Естай мен Қорлан», «Дарын мен Айзере» де рейтингі жоғары жобалар қатарында.

Фильмдер: франшизалар мен драмалар

31 арнадағы «Моя большая казахская семья» фильмдер санатында ең жоғары орташа рейтинг жинады. Бұл категорияда Astana TV бірден 5 позицияны иеленді.

Перевод
Facebook
Instagram