Қараша айының 3–9 аралығында көрермендердің ақпараттық контентке деген тұрақты қызығушылығы байқалды. Сонымен қатар, ойын-сауық және музыкалық бағдарламалар да жақсы нәтижелер көрсетті. Рейтингтің жоғарғы бөлігінде көрерменге бұрыннан таныс жобалар тұр, алайда реалити, әлеуметтік ток-шоу және балалар контенті бағытындағы жаңа форматтар да айтарлықтай көзге түсті.

Ақпараттық бағдарламалар

КТК және Еуразия бірінші арнасындағы жаңалықтар көшбасшылықты жалғастыруда. Әсіресе, КТК арнасындағы «Жаңалықтар» 2.95 пайыз көрсеткішпен аптаның ең жоғары рейтингіне ие болды. Qazaqstan, 31 арна және Седьмой каналдағы бағдарламалар да өз аудиториясын тұрақты түрде сақтап отыр, бұл кең аудиторияға бағытталған контенттің сұранысы жоғары екенін дәлелдейді.

        Инфоаналитика

Еуразия бірінші арнасындағы «Парламент Online»  парламент жұмысы, заңдардың қабылдануы және олардың қазақстандықтардың өміріне әсері туралы қарапайым тілмен жеткізетін жоба. Бағдарлама тұрақты түрде рейтинг көшбасшысы болып келеді. Еуразия бірінші арнасындағы «Аналитика» және КТК арнасындағы «Портрет недели» де үздік жобалар қатарында.

        Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар

Бұл санатқа заң, құқық, экономика, әлеуметтік саясат және қоғамдық бастамаларға арналған жобалар кіреді. Қараша айындағы рейтингте ток-шоу мен құқықтық бағыттағы, тікелей диалогқа құрылған бағдарламалар ерекшеленді. Көшбасшы — Koremiz show Еуразия бірінші арнасында, дүйсенбі күні көрсетілген шығарылымы 1.75 пайыз рейтингке жетті. Бұл — шынайы оқиғаларға негізделген эмоциялық ток-шоу және санат бойынша үздік көрсеткіш.

Ойын-сауық бағдарламалары

Әзілге жақын шоулар танымалдылығын жоғалтпай, әсіресе демалыс күндері жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр.

Басқа да ойын-сауық жобалары арасында Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike» махаббат жобасы тұрақты түрде алда келеді.

Музыкалық бағдарламалар

Qazaqstan, КТК және Хабар арналарындағы концерттік және музыкалық жобалар үнемі көрермен жинап келеді. «The Voice Қазақстан» бірнеше апта бойы үздік үштікке кіріп келгенімен, бұл жолы үштікке енбей қалды.

Қазақстандық сериалдар мен фильмдер

Жексенбілік және апталық көрсетілімдер бойынша көшбасшылар  Astana TV арнасындағы «Аппақ Келін» және КТК арнасындағы «Өмір-сынақ».

Фильмдер ішінде Qazaqstan арнасындағы «Біржан Сал» және Astana TV-дегі «Қазақша бизнес Үндістанда» ең жоғары көрсеткіштерге ие болды.

Перевод
Facebook
Instagram