Желтоқсанның алғашқы аптасында көрермендердің қызығушылығы тұрақты сақталды, ал негізгі арналар дәстүрлі орындарын жоғалтқан жоқ. «Мир» арнасы екі саты төмендеп, өз орнын Qazaqstan және 31 арналарға берді. Astana TV де алдыңғы аптамен салыстырғанда 2 позицияға төмендеді.

Жаңалықтар

Апта ішінде жаңалықтар қайтадан негізгі жанрға айналды. Көрермендердің ең көп қызығушылығын дәстүрлі түрде жоғары көрсеткіштерін сақтайтын кешкі шығарылымдары алда тұр.. Әр түрлі арналардың ақпараттық блоктары тұрақты қызығушылық көрсетті, ал қазақ және орыс тіліндегі шығарылымдар аудитория назары шамалас деңгейде.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар

Талдамалық жобалар бірқалыпты динамика көрсетті. Көшбасшы бағдарламалар тұрақты қызығушылықты сақтаса, жанрдың басқа қатысушылары болжамды нәтижелер көрсетті. Апта оқиғаларына шолу жасайтын және тақырыптық пікірлерге негізделген форматтар өз аудиториясын ұстап қалды.

Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар

Әлеуметтік-саяси және қоғамдық жобалар тұрақты, бірқалыпты нәтижелер көрсетті. Өзекті тақырыптарды талқылау мен сарапшылар пікірі ұсынылған форматтар болжамды динамиканы сақтап, жанр жалпы алғанда тұрақты күйінде қалды.

Әзіл бағдарламалар

Юмористік контент әдеттегідей демалыс күндері көрермендердің назарын аударды. Танымал әртістер қатысқан жобалар ерекше көзге түсті. Жалпы алғанда, жанр тұрақтылығын көрсетіп, аудиторияны сенімді түрде ұстап тұрды.

Ойын-сауық бағдарламалары

Ойын-сауық форматтары көрермен қызығушылығының әркелкілігі мен бірқалыпты деңгейін көрсетті. Санаттағы көшбасшы өзгеріссіз Еуразия Бірінші арнасындағы QosLike жлбасы. Жеңіл шоу мен ойын форматындағы бағдарламалар көрермендердің ең жоғары ықыласына ие болды.

Музыкалық бағдарламалар

Концерттік форматтар мен шығармашылық кештер көрермен назарын аударды, ал тұрақты музыкалық бағдарламалар бірқалыпты динамика көрсетті. Апта көшбасшысы КТК арнасындағы Мақпал Жүнісованың мерейтойлық концерті. Рейтингте ең көп орын алған Qazaqstan ұлттық арнасы.

Қазақстандық сериалдар

Отандық телехикаяларда қаралым көрсеткіші бірқалыпты болды. Эмоциялық оқиғалар мен отбасылық тақырыптағы жобалар көрермендерден жоғары қызығушылыққа ие болды. Желтоқсанның алғашқы аптасының үздік көшбасшысы  КТК арнасындағы «Молчание» телехикаясы.

Қазақстандық фильмдер

Демалыс күндеріндегі кинослоттар көрермен қызығушылығын арттырды. Әртүрлі жанрдағы отандық фильмдер, әсіресе кешкі көрсетілімдер, көрермендер үшін тартымды болды. Рейтингте Astana TV мен 31 арна бірдей үздік атанды.

Перевод
Facebook
Instagram