Халқы 100 000-нан асатын қалалар және 6 жастан жоғары көрермендерге арналған
Желтоқсанның екінші аптасының қорытындысы бойынша телеқаралым көшбасшысы мәртебесін Еуразия бірінші арнасы алды. Телеарнаның орташа тәуліктік рейтингі – 0,65%, ал аудитория үлесі 14,5% болды. Аптаның басты өзгерісі – Жетінші арна екінші орынға көтеріліп, рейтингі 0,51%, үлесі 11,5% көрсетті. Үшінші орынды КТК иеленді рейтинг 0,48%, үлес 10,8%.

Жаңалықтар
Көрермендердің ең жоғары қызығушылығы дәстүрлі түрде кешкі жаңалықтар шығарылымдарына тиесілі болды. Бұл санатта КТК арнасы көшбасшылықты сенімді түрде сақтап отыр: сейсенбі күнгі «Новости» бағдарламасы аптаның ең жоғары рейтингін көрсетіп, 3%-дан астам нәтиже жинады.
Еуразия бірінші телеарнасы да топта бірнеше позицияға ие болды: «Главные новости» мен «Басты жаңалықтар» жоғары рейтинг көрсетсе, сондай-ақ «Жаңалықтар» мен «Новости» бағдарламаларының жекелеген шығарылымдары үздік ондыққа енді.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар
Бұл санаттың көшбасшысы «Парламент Online» жобасы. Жұма күнгі шығарылым 1,47% рейтинг жинап, саяси күн тәртібі мен Парламент жұмысына көрермен қызығушылығының жоғары екенін көрсетті.
Сондай-ақ «Аналитика» бағдарламасы 1,45% рейтингпен топқа еніп, Еуразия бірінші арнасының қоғамдық-саяси талқылаулар сегментіндегі жетекші орнын нығайтты.
Категорияның жаңа қатысушысы – Turkistan телеарнасы.

Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар
Бұл сегмент көрермендердің пікірталас пен зерттеу форматтарына жоғары сұраныс білдіретінін көрсетті. Сонымен қатар қазақтілді жобалар аудиторияны тартудың негізгі құралына айналып келеді.
Тұрақты көшбасшы – әлеуметтік өзекті тақырыптарды талқылайтын Еуразия бірінші арнасының «Koremiz show» ток-шоуы. Екінші орында – КТК телеарнасындағы «Было дело» деректі-қойылымдық жобасы. Үшінші орында – категория драйвері Qazaqstan телеарнасының «Ақорда» бағдарламасы.

Юмористік бағдарламалар
Бұл санатта көшбасшы – КТК арнасындағы «Алдараспан». Жексенбілік шығарылымы 1,22%-дан жоғары рейтинг жинап, елдегі ең танымал әзіл-сықақ жобаларының бірі екенін дәлелдеді.
Almaty TV «Шаншар» жобасы екінші орында, Astana TV телеарнасында үшінші орынды иеленіп, классикалық юморға тұрақты қызығушылық бар екенін көрсетті.

Ойын-сауық бағдарламалары
Бұл аптада ойын-сауық форматтары көрермендердің әртүрлі мазмұнға қызығушылығын көрсетті.
Сенімді көшбасшы – QosLike реалити-шоуы. Одан кейін Qazaqstan үлттық арнасының «Бәрекелді!» және «Қызық екен… / Qyzyq eken…» жобалары орналасты.

Музыкалық бағдарламалар
Желтоқсанның екінші аптасында музыкалық жобалар демалыс күндері жоғары көрермен жинады. Көшбасшы КТК арнасындағы «Қайрат Нұртастың шығармашылық ән кеші» атанды. Сенбілік концерт 1,7%-дан жоғары рейтинг көрсетті. Qazaqstan телеарнасында «Көңіл толқыны» және «Ұнайды маған cover кеші» бағдарламалары көрсетіліп, екінші және үшінші орындарды иеленді.

Білім беру бағдарламалары
Білім беру жобалары форматтық әртүрлілігімен ерекшеленді.
Алдыңғы қатарда Qazaqstan телеарнасында «Еңбеккер мәртебесі», көрсетілетін жоба. Сенбілік шығарылымы 1%-дан жоғары рейтинг жинады.

Қазақстандық телехикаялар
Отандық телехикаялар ішінде отбасылық және романтикалық оқиғалар алдыңғы орында қалды.
Апта көшбасшылары Хабар телеарнасындағы «Келінжан 6» және Qazaqstan телеарнасының «Жалған өмір» атты екі телехикаясы да 0,57% рейтинг көрсетті.

Қазақстандық кино
Желтоқсан айының екінші аптасындағы үздік үштік:
«Гәп» – Astana TV телеарнасы, 0,58%;
«Таптым ау сені» – Almaty TV телеарнасы, 0,51%;
«Бишарашки» – 31 телеарна, 0,47%.
