Қазақстан қалалары мен ауылдары, 0+ (6 жастан жоғары аудитория)

Аталған апта қорытындысы бойынша телесмотрение көшбасшысы Qazaqstan телеарнасы болды. Арна 0,71% рейтинг пен 12,46% үлес жинап, бағдарламалар торының теңгерімді құрылымы есебінен лидерлігін сақтап қалды. Екінші орында «Первый канал Евразия» (рейтингі 0,66%, үлесі 11,65%). Арна жоғары сұранысқа ие жаңалықтар мен талдамалық бағдарламалардың, сондай-ақ прайм-таймда көрілімнің шарықтау шегін қалыптастыратын ойын-сауық форматтарының арқасында бәсекелік қабілетін сақтауда. Үшінші орынды «31 канал» иеленді (рейтингі 0,62%, үлесі 10,90%). Арна жаңалықтар мен ойын-сауық контентін тиімді үйлестіру арқылы тұрақты нәтижелер көрсетуде.

Жаңалықтар сегментінде аптаның көшбасшысы КТК арнасындағы «Новости» бағдарламасы болды (рейтингі 2,75%). Екінші орында «Первый канал Евразиядағы» «Главные новости» (2,28%), үшінші орында «31 каналдағы» Informburo (2,16%).

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар санатында бірінші орынды Qazaqstan арнасындағы «Апта» бағдарламасы иеленді (1,60%). Екінші орында «Первый канал Евразиядағы» «Аналитика» (1,52%), үшінші орында «Парламент Online» (1,45%). Бұл сегментте қоғамдық-саяси тақырыптарға көрермен қызығушылығы тұрақты деңгейде сақталуда.

Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар арасында көшбасшы — «Первый канал Евразиядағы» «Koremiz show» (2,09%). Одан кейін Qazaqstan арнасындағы «Ақорда» (1,44%) және «Қос палата» (1,25%) бағдарламалары орналасқан.

Ойын-сауық сегментінде юморлық бағдарламалар арасында КТК арнасындағы «Шаншар…» бірінші орында (1,34%). Екінші орында «31 каналдағы» «Шымкент Шоу» (1,08%), үшінші орында Astana TV арнасындағы «Шаншар 30 жыл» (0,83%).

Музыкалық сегментте Qazaqstan арнасының жобалары көш бастады. Бірінші орында «Көңіл толқыны» (1,00%), ол өткен аптамен салыстырғанда бір сатыға жоғарылаған. Екінші орында «Өз елім. Концерт» (0,99%), үшінші орында «Біздің елдің жігіттері. Концерт» (0,97%). Жалпы, музыкалық контент, әсіресе концерттік форматтағы бағдарламалар көрермен тарапынан тұрақты сұранысқа ие.



