Қазақстан қалалары мен ауылдары, 0+, 6+ аудиториясы

Шілденің соңғы аптасы мен тамыз айының басында «Жетінші телеарна» өз көшбасшылығын нығайтты. Арна екінші апта қатарынан бірінші орынға шығып, 0,38% рейтинг көрсеткішімен аудитория үлесін 12,08%-ға дейін арттырды. Astana TV екінші орнын сақтап қалды (0,34%; үлесі – 10,61%), ал үшінші орынға КТК көтерілді (0,34%; үлесі – 10,56%). «Еуразия» Бірінші арнасы төртінші орынға (0,32%; үлесі – 10,07%), 31 канал бесінші орынға (0,27%; үлесі – 8,47%) жайғасты. Осылайша, аптаны төрт ірі телеарна аудитория үлесі 10%-дан жоғары көрсеткішпен аяқтады.

Жаңалықтар сегменті. Аптаның абсолютті көшбасшысы КТК арнасындағы «Новости» бағдарламасы болды – рейтинг 1,74%. Екінші орынды «Еуразия» Бірінші арнасындағы «Главные новости» (1,26%), үшінші орынды КТК-дағы «Жаңалықтар» (1,00%) иеленді. Үздік ондыққа 31 каналдағы Informburo (0,94%), сондай-ақ «Жетінші телеарна» жаңалықтар шығарылымдары (0,85% және 0,81%) енді.

Ақпараттық-талдамалық сегментте «Хабар» телеарнасы ерекше нәтижеге қол жеткізді. Арна үздік ондықта бірден төрт позицияны иеленіп, алғашқы үш орынды толық қамтыды. Айтарлықтай басымдықпен «7 күн (қаз)» бағдарламасы көш бастады – рейтинг 0,46%. Екінші орында «Қоғам пікірі» жобасы (0,15%), үшінші орында «Глобальные события» (0,06%). «7 күн» бағдарламасының тағы бір шығарылымы үздік ондыққа енді.

Әлеуметтік-экономикалық сегментте көш бастан «Qazaqstan» телеарнасындағы «Теміржолшы» бағдарламасы шықты – рейтинг 0,56%. Екінші орынды КТК арнасындағы «Было дело» (0,52%), үшінші орынды «Еуразия» Бірінші арнасындағы Koremiz show (0,51%) иеленді.

Юморлық сегментте КТК арнасындағы «Алдараспан…» бағдарламасы көш бастады – рейтинг 0,74%. Екінші орында Astana TV-дағы «Әзілің жарасса» (0,59%), үшінші орында «Жетінші телеарнағы» «Әзілің жарасса» бағдарламасының тағы бір шығарылымы (0,45%). Үздік ондықта 31 канал мен НТК арналарының жобалары да кеңінен ұсынылған. Бұл отандық юморлық форматтар арасындағы жоғары бәсекелестіктің сақталып отырғанын көрсетеді.

Басқа форматтағы ойын-сауық бағдарламалары арасында көшбасшылық «Еуразия» Бірінші  арнасындағы QosLike жобасына қайта оралды – рейтинг 0,96%. Екінші орынды «Qazaqstan» арнасындағы «Қызық екен…/Qyzyq eken…» (0,63%), үшінші орынды НТК-дағы Taboo (0,54%), төртінші орынды «Жаңа казахи» (0,51%), бесінші орынды «Хабар» арнасындағы «Ойна IQ» (0,46%) иеленді.

Музыкалық сегментте Astana TV арнасындағы «Заттыбек Көпбосынның ән кеші» жобасы көш бастады – рейтинг 0,72%. Екінші орында КТК-дағы «Ханзада. Концерт» (0,41%), үшінші орында «Qazaqstan» арнасындағы «Әндер мен жылдар. Концерт» (0,37%). «Хабар» арнасындағы Cover show 0,28% рейтингпен төртінші орынға жайғасты.

Сериалдар сегментінде осы аптада НТК көш бастады. Арнадағы «Патруль-7» сериалы 0,93% рейтинг көрсетті. Одан кейін Astana TV арнасының екі жобасы – «Зу-Зу Күләш» (0,86%) және «Зу-Зу Күләш-2» (0,70%) орналасты.

Киносегментте Astana TV өзінің тұрақты көшбасшылығын тағы да дәлелдеді. Арна фильмдер рейтингісінің алғашқы алты позициясын түгел иеленді. Абсолютті көшбасшы – «Агашки по вызову» фильмі, оның рейтингі 1,11%-ды құрады. Екінші орында – «Станция судьбы» (0,74%), үшінші орында – «Любовь на миллион» (0,70%).

Аптаның басты қорытындысы – «Жетінші каналдың» көшбасшылығы сақталды, бұл ретте ірі телеарналар арасындағы бәсекелестік жоғары деңгейде қалды. Сонымен қатар, «Хабар» телеарнасы ақпараттық-талдамалық сегментте айрықша нәтиже көрсетіп, алғашқы үш орынды толық иеленді және үздік ондыққа төрт жобасын енгізді. Бұдан бөлек, арна ойын-сауық, музыкалық және сериалдық жобалар рейтингтерінде де көрінді. 24KZ әлеуметтік-экономикалық сегментте бірден екі бағдарламасымен өз позициясын нығайтты. Бұл арнаның қоғам үшін маңызды тақырыптарға бағытталған мамандануының жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті.

Перевод
Facebook
Instagram