Бүгінде көрермен бір ғана экранмен шектелмейді. Телевизиялық эфир, онлайн-платформалар мен стримингтік сервистер біртұтас медиакеңістіктің бөлігіне айналды. Алайда әр платформадағы аудиторияны өлшеу тәсілдері әлі де әртүрлі. Телевизия көрерменнің жаңа әдеттеріне қалай бейімделуі керек және цифрлық ортадағы аудиторияның нақты қамту көрсеткішін қалай бағалауға болады? Бұл мәселелер 10 қыркүйекте Астанада өтетін Ұлттық медиа ассоциациясының «Цифрлық бәсекелестік жағдайындағы телевизия. Даму перспективалары» конференциясында талқыланады.

Конференция барысында үш негізгі практикалық мәселеге басымдық беріледі: телевизиялық контентті тұтыну үлгісі қалай өзгеріп жатыр, ірі телехабар таратушылар қандай дистрибуция модельдерін таңдайды және әртүрлі экрандар мен платформалар арасында ауысатын аудиторияны қалай өлшеуге болады?

BBC компаниясының дистрибуция және бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджері Надя Винокур Ұлыбританияның телевизиялық нарығындағы негізгі үрдістерді таныстырады. Ол BBC-дің аудиторияның онлайн кеңістікке ауысуына қалай жауап беріп отырғанын және қоғамдық телевидениенің жаңа стратегиясында Freely платформасының қандай рөл атқаратынын айтып береді.

Glance – Médiamétrie компаниясының коммерциялық директоры Симеон Мирзаянц 100-ден астам елдің аудиториясына қатысты ресми деректерді ұсынады. Халықаралық тәжірибе негізінде ол дәстүрлі телетамашалаудың төмендеуі мен стримингтік сервистердің өсуі контент тұтыну үлгісіне, жарнама нарығына және телеарналар мен цифрлық платформалар арасындағы өзара қарым-қатынасқа қалай әсер етіп жатқанын түсіндіреді.

Mediascope компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Михаил Зотов әртүрлі тасымалдаушыларды, экрандар мен контент форматтарын біріктіретін қазіргі медиакеңістіктің аудиториясын өлшеуге мүмкіндік беретін технологиялар мен құралдар туралы баяндайды.

Халықаралық тәжірибе Қазақстанның медиа нарығындағы өзекті мәселелермен сабақтастырыла қарастырылады. Әлемдегі және Қазақстандағы телевизия саласының трансформациясы туралы Media Nova сейлсхаусының басшысы Валерий Маштаков сөз қозғайды.

Пікірталастарға OM Group компаниясының стратегиялық өнімдерді дамыту жөніндегі директоры Денис Филенков және K Research Central Asia бас директоры Татьяна Старцева қатысады.

Тақырыптық сессияларға Ұлттық медиа қауымдастығының басшысы, «Хабар» агенттігі» Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев және IMS компаниясының негізін қалаушы әрі CEO-сы Дильмұрад Рахимов модераторлық етеді.

Конференцияға телеарналардың өкілдері, жарнама берушілер, жарнама агенттіктері, сейлсхаустар, зерттеу компаниялары, медиа саласының сарапшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 10 қыркүйек

Өтетін орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа орталығы, 21-қабат

Қатысушыларды тіркеу:

Зарина Баянова

+7 701 409 31 13

z.bayanova@nma.kz

БАҚ өкілдерін аккредиттеу:

Тукушева Ляззат

+7 705 657 81 81

tukusheva.lyazzat@gmail.com

Қатысушылар саны шектеулі.

Перевод
Facebook
Instagram