Қазақстанның қалалары мен ауылдары, 0+, 6 жастан асқан аудитория

Тамыз айының үшінші аптасында еліміздің ірі телеарналары арасындағы рейтингтік көрсеткіштерде кезекті өзгеріс болды. Бірінші орынға рейтингі 0,35% және аудитория үлесі 10,80% көрсеткішімен 31 канал көтерілді. Astana TV екінші орнын сақтап қалды (0,35%; аудитория үлесі – 10,63%), ал Qazaqstan үшінші орынға көтерілді (0,33%; аудитория үлесі – 10,12%). Одан кейінгі орындарға КТК (0,32%; 9,85%), Жетінш арна (0,31%; 9,45%) және Мир (0,30%; 9,14%) жайғасты.Осылайша, бір апта бұрын КТК көш бастағаннан кейін жалпы рейтингтегі бірінші орын иесі қайта ауысты. Көшбасшылар арасындағы айырмашылықтың өте аз болуы рейтингтің жоғарғы бөлігіндегі бәсекенің жоғары екенін көрсетеді.

Жаңалықтар сегменті. Аптаның абсолютті көшбасшысы КТК арнасындағы «Новости» бағдарламасы болды – рейтинг 1,88%. Екінші орынға «Главные новости на Первом канале Евразия» (1,43%), үшінші орынға Qazaqstan телеарнасындағы «Qazaqstan. Aqparat/Ақпарат» (1,28%) жайғасты. Одан кейін КТК арнасындағы «Жаңалықтар» (1,00%) және 31 арнадағы Informburo (0,93%) орналасты.

Ақпараттық-сараптамалық сегмент Хабар телеарнасының ең мықты бағыттарының бірі екенін тағы бір мәрте көрсетті. Qazaqstan телеарнасындағы «Apta/Апта» бағдарламасы 0,40% рейтингпен көш бастаса, Хабар арнасындағы «Глобальные события» бағдарламасы 0,16% көрсеткішпен екінші орынға ие болды. Үздік ондыққа Хабардың тағы үш позициясы – «7 күн» (0,01%), «Қоғам пікірі» (0,01%) және «7 күн» бағдарламасының тағы бір шығарылымы енді.

Әлеуметтік-экономикалық сегментте КТК арнасындағы «Было дело» бағдарламасы 0,66% рейтингпен көш бастады. Екінші орынға Еуразия Бірінші арнасындағы Koremiz show (0,59%), үшінші орынға Qazaqstan телеарнасындағы «Ashyq alan/Ашық алаң» (0,58%) жайғасты. Аптаның маңызды нәтижелерінің бірі – 24KZ телеарнасының позициясының күшеюі. Арна үздік ондықта бірден үш жобамен көрінді. «На службе у народа» 0,42% рейтингпен жетінші, «Мейірім қамқорлық. Тең мүмкіндік» 0,39% көрсеткішпен сегізінші, ал «Сұхбат» 0,37% рейтингпен оныншы орын алды.

Әзіл-сықақ сегментінде алғашқы екі орынды Astana TV иеленді. «Шымкент Шоу» 0,73% рейтингпен көш бастаса, «Шымкент Шоу 20 жыл» 0,51% көрсеткішпен екінші орын алды. Үшінші орынға 31 арнадағы «Қайрат & Қанат. Әзіл кеші» жобасы (0,47%) жайғасты. 31 канал үздік ондықта бірден төрт жобамен ұсынылып, әзіл-сықақ контенті бойынша өзінің мықты позициясын көрсетті.

Өзге форматтағы ойын-сауық бағдарламалары арасында Qazaqstan телеарнасындағы «Қызық екен…/Qyzyq eken…» бағдарламасы 0,62% рейтингпен бірінші орын алды. Екінші орынға Jibek Joly арнасындағы «Дәмді Life» (0,45%), үшінші орынға Balapan телеарнасындағы «Галактикадағы сайыс» (0,42%) жайғасты.

Музыкалық сегментте Qazaqstan телеарнасы сенімді түрде көш бастады. «Mahabbatym. Серік Ибрагимовтың ән кеші» концерті 0,69% рейтингпен бірінші, «Махаббат гүлі солмайды» бағдарламасы 0,60% көрсеткішпен екінші орын алды. Үшінші орынға Jibek Joly арнасындағы «Хит шеру» бағдарламасы 0,60% рейтингпен жайғасты.

Телехикаялар сегменті осы аптада Хабар телеарнасы үшін ең табысты бағыттардың біріне айналды. Astana TV арнасындағы «Зу-Зу Күлпәш» телехикаясы 1,33% рейтингпен көшбасшылық орнын сақтап қалды. Дегенмен Хабардың бірден үш жобасы үздік ондыққа енді. «Келінжан-3» 0,89% рейтингпен екінші, «Келінжан-2» 0,76% көрсеткішпен төртінші, ал «Бозторғай. Жылы ұя» 0,46% рейтингпен оныншы орын алды. Осылайша, Хабар телехикаялар сегментіндегі үлесін арттырып қана қоймай, «Келінжан-3» жобасының екінші орнының арқасында апта көшбасшыларының қатарына енді.

Кино сегментінде Astana TV-дің басымдығы тағы да байқалды. Арна үздік ондықтағы он позицияның жетеуін, соның ішінде алғашқы үш орынды түгел иеленді. Coco Jambo фильмі 1,01% рейтингпен бірінші, «Соңғы дем» 0,97% көрсеткішпен екінші, «Аяз Аға» 0,83% рейтингпен үшінші орын алды. Хабар да үздік ондыққа енді: «Научи меня жить» фильмі 0,48% рейтингпен жетінші орынға жайғасты.

Аптаның басты қорытындысы – жалпы рейтинг көшбасшысының кезекті рет ауысуы.Бұл жолы бірінші орынға 31 канал көтерілді, алайда оның Astana TV-мен арадағы айырмашылығы әлі де өте аз. Сонымен қатар Хабар бірден бірнеше жанрда жоғары нәтижелер көрсетті. Арнаның төрт позициясы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың үздік ондығына енді. Үш телехикаясы рейтингтің алғашқы ондығынан көрініп, «Келінжан-3» екінші орынға ие болды. Бұдан бөлек, Хабар ойын-сауық, музыкалық және кино сегменттерінде де өз жобаларымен ұсынылды.

Перевод
Facebook
Instagram