ЗТБ «Ұлттық Медиа Қауымдастығы» (бұдан әрі — қауымдастық) медиа өлшемдер және теледидар нарығындағы заманауи қиындықтар мен тенденциялар туралы зерттеулер мен пікірталастар ұсынды. Конференцияның панельдік сессияларында 2022 жылғы медиа өлшемдердің қорытындылары, медианы тұтынудың негізгі факторлары, халықаралық аудит жүйесінің мысалдары және Қазақстанның медиа жүйесіне деген сенімділікті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі жарнама және оның даму барысы көтерілді. 

Қауымдастық жетекшісі — Ойшыбаев К.Б. теледидардағы жарнама нарығын дамыту үшін медиа нарықтың барлық қатысушыларының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтіп, Ресей теледидар жарнамасының кірістерімен салыстырды. «Біз ресейлік теледидардағы жарнама нарығынан 32 есе азбыз, яғни Ресейдегі теледидар жарнамасының көлемі теңгемен есептегенде шамамен 1 трлн, 100 млрд теңгені құрайды. Егер Қазақстанның жарнама нарығы құлдырайтын болса, онда нарықтың барлық қатысушыларында даму болмайды» – осылайша, қауымдастық басшысы жарнаманы орналастыруда дұрыс бағалау саясатына, өлшеудің дұрыс жүйесіне шақырды.

Қауымдастық K Research Central Asia-мен бірлесіп 3М3А халықаралық аудиторлық компаниясы жүзеге асыратын халықаралық аудитке тапсырыс берді. Бүгін халықаралық аудитор Роберт жоспарланған аудиттің егжей-тегжейімен және іске асыру құралдарымен бөлісті.

Сонымен қатар, медиа саласындағы өзекті мәселе — мемлекеттік тілде жарнамалау мәселесі көтерілді. Күн тәртібінде екі тілді аудиторияға ерекше көзқарас, ұлттық бірегейлік трендтері және қазақ тіліндегі жарнаманың келешегі қарастырылды.

Конференция екінші жыл бойы жетекші сарапшылармен, телеарналардың, жарнама агенттіктерінің басшыларымен, сондай-ақ жарнама берушілердің өкілдерімен медиа нарықтың ең өзекті мәселелерін талқылау мен шешу алаңына айналды.

Іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ медиа өлшемдер мен теледидар нарығындағы негізгі мәселелер мен тенденцияларды талқылауға бірегей мүмкіндік берді.

Перевод
Facebook
Instagram