Бүгін Ұлттық БАҚ қауымдастығы 2022-2023 жылғы маусымдағы үздік тележобалардың қорытындысын шығарды.

Биыл «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының бірден 11 телебағдарламасы мен фильмдері және сериалдары көрермендердің ықыласына бөленіп Топ-3 номинациясына ие болды. Марапаттар жиынтығы бойынша екінші орын «Коммерциялық Телевизиялық Арнаға» бұйырды. КТК хабар тарату желісінің 7 бағдарламасы Ұлттық Медиа Қауымдастықтың номинациялары бойынша үздік үштікке енді. «Еуразия» бірінші арнасы әріптестерінен бір позицияға ғана артта қалып, еліміздің Топ-3 телеарнасында 6 марапатпен үшінші орынға қол жеткізді.

2022-2023 жылдар аралығындағы маусымының жеңімпаздары 2022 жылғы 1-ші маусым мен 2023 жылғы 31-ші мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілетін қазақстандық және бірлескен өндірістің телевизиялық өнімдері арасында таңдалды.

Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаздар Ұлттық Медиа Қауымдастықтың Сараптамалық кеңесі әзірлеген телекөрермендердің қалау рейтингтері мен телевизиялық өнімдерді іріктеу критерийлері негізінде анықталды.

Телевизия саласы өз позициясын берік ұстайды және әлеуметтік желілерге, басқа да ақпараттық платформаларға, бейне порталдарға лайықты бәсекелестік жасай алады. Сигналды қамтудың үлкен аумағы, цифрлық формат және спутниктік деректер біздің кең байтақ еліміздің кез келген нүктесінен теледидар контентіне қол жеткізуді қамтамасыз етіп отыр. Сонымен, «Үздік телеарна» номинациясында:

Дәл осы арналарды көрермен көп тамашалаған.

Ал «Үздік күнделікті жаңалықтар» номинациясында жаңалықтар материалдарын берудегі жеделдік пен объективтілікті көрермендер былайша бағалады:

Ең өзекті жаңалықтардың жиынтығы аптаның соңында көрермен назарына ұсынылады. Телеарнадағы әрбір жаңалықтар қызметі бір апта бойы ең маңызды сюжеттерді іріктеп, сараптап, толықтырып эфирге береді. Апталық жаңалықтар топтамаларының қаншалықты сапалы екендігі «Үздік апталық аналитика және оқиғаларға шолу» номинациясында белгілі болды.

Көркем фильмдерді телеарнадан тамашалайтын көрерменнің азайып бара жатқанын мойындау керек. Көпшілік фильмдерді кинотеатрларда немесе өздеріне ыңғайлы платформаларда, ыңғайлы уақытта,  гаджеттер арқылы көргенді жөн санайды. Алайда отандық телеарналар көрермен тартудың тәсілдерін жақсы меңгерген. 

Сериалдар да біздің өмірімізге мықтап енді. Көрермендердің дені телесериал тамашалауға асығады. Сондықтан сапа да маңызды. Енді бірнеше ай бойы созылған сюжеті бар әдемі бейнелерді ғана көрсету жеткіліксіз. Көрермен кейіпкерлердің өміріндегі таныс жағдайларды ғана емес, сонымен қатар өткір әлеуметтік тақырыптарды, сапалы әзіл-оспақты, сондай-ақ актерлердің талантты ойынын күтеді. Сценарийлерді, актерлерді таңдау және заманауи сериалдарды шығару кезінде осы шарттардың барлығын орындау «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына «үздік сериал» номинациясының үш жүлдесін де жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Қазақстандықтар арасында ел өмірі, маңызды оқиғалар, өндіріс пен өнеркәсіптің экономикалық дамуы және басқа да көптеген аспектілері туралы деректі фильмдер танымал бола бастады. Отандық теледидар шеберлерінің «Үздік деректі фильм» номинациясындағы өзекті жұмыстары ел үшін ең маңызды мәселелерді көрсетеді.

Жалпы телекөрермен үшін тәуліктің кез келген уақытында сүйікті бағдарламалары мен ток-шоуларын тамашалап отыру маңызды. Келесі екі номинация эфир уақыты бойынша жүзеге асырылмаған. Бірақ оқырмандардың барлық санаттары үшін бірдей қызығушылық туғызатын өнімдер. «Жұмыс күндеріндегі ең жақсы бағдарлама. Off prime time» номинациясы:

«Жұмыс күндеріндегі ең жақсы бағдарлама. Prime time» номинациясы:

Көрермендердің қалауы туралы көптеген деректерді талдай отырып, демалыс күнінің бағдарламасын елемей кетуге болмайды. Жұмыс аптасы алдында үйінде тынығып жатып, рахаттанып көретін бағдарламалар болады.

«Демалыс күнінің үздік бағдарламасы» номинациясы:

Біз «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының, «Коммерциялық Телевизиялық арнасының» және «Еуразия» бірінші арнасының командаларын 2022-2023 маусымындағы тамаша жұмыс нәтижелерімен құттықтаймыз және келесі маусымдарда көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болына тілектеспіз!

Рейтингтік есептеулермен барлық статистиканы «K Research Central Asia» ЖШС растайтын құжаттарымен осы жерден таныса аласыз.

Перевод
Facebook
Instagram