Үздік 10 телеарна

Өткен аптада «Еуразияның 1-ші арнасы» үздік арналар ондығының арасындағы алғашқы орында тұрақтап қалды. Телевизиялық бәсекеде көрермен назарын өзіне аудару үшін күрестің тартысты болары сөзсіз. Осы орайда «Qazaqstan» Ұлтық арнасы НТК-ны ығыстырып үздік үштіктің қатарынан табылды. Рейтингі бір апта ішінде төмендеп кеткен «31 арна» қайта серпіліп 6-ші орынға ие болды. «Хабар» сияқты адуынды қарсыласты ондықтың қатарынан жылжытқан «Jibek Joly» жаңа арнасын атап кетпеуге болмайды.

Үздік 10 жаңалықтар

КТК жаңалықтары күнделікті ақпарат аламанындағы алғашқы орында нық тұрақтап тұр. Ал Еуразия 1-ші арнасы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жаңалықтар бойынша үштіктің қатарында. Үздік ондыққа Almaty TV жаңалықтары өткен апта ілікпей қалды. Осылайша Astana TV телеарнасының жаңалықтары ондыққа ілігіп қана қоймай, бірден жетінші орынға тұрақтады.

Отандық ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының үздік ондығы

Qazaqstan Ұлттық арнасының Apta қорытынды бағдарламасы елордалық Sapar time бағдарламасының қазақ тіліндегі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар рейтингінде және «Мир» мен Хабар24-ке өз позициясын тапсырды. Біздің тізімге жаңадан  енген қазақ тіліндегі Turkistan aqparat бірден 6-орынға ие болды. Atameken Business рейтингте өз орнын сақтап қалды. «Мир. Итоги» бұл арнаны алға жылжытты.

Үздік 10 қазақстандық ойын-сауық бағдарламасы

Үздік үш ойын-сауық бағдарламасы өткен аптадан бері өз позицияларын сақтап қалды. Демалыстар кезеңі экрандағы көрсеткіштерге де өз әсерін тигізгені анық. Бұл құбылысты рейтингтен бірден аңғаруға болады. Мысалы, көрермендер КТК және Balapan арналарынан бірден үш бағдарламаға көбірек назар аударған.

Үздік 10 қазақстандық музыкалық бағдарлама

Ұлттық арнадағы «Qazaqstan дауысы балалар» таланттар шоуындағы қызу күрес көрерменнің ыстық ықыласынан бөленіп отыр. Балаларды Balapan арнасындағы «Караоке»музыкалық бағдарламасы да қызықтырады. Рейтингке сүйенсек, демалыс күнгі концерттік бағдарламалар кез келген телеарнаны жеңіске жетелейді.

Үздік 10 қазақстандық білім беру бағдарламасы

Qazaqstan телеарнасы еліміздің білім беру телевизиялық бағдарламалары рейтингінде салтанатты шеруді жалғастыруда. Ұлттық арнаның үш бағдарламасы құрмет тұғырына шықты.  Хабар 24 және Хабар да сапалы білім беру бағдарламаларын ұсынды.

Үздік 10 қазақстандық әлеуметтік-экономикалық бағдарлама

Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар рейтингінің алғашқы сатысында Еуразия 1-ші арнасының «Koremiz» бағдарламасы тұр. Осы арнадағы Айна және Грани телеөнімдері де көрермен назарын өздеріне аудара алды. «Aqorda» және «President» бағдарламалары елдің саяси өміріне өте жақсы талдау жасаған. Ең қызығы осы бағдарламаларға ауа-райының болжамын көру күтпеген жағдай еді. Демек ел тұрғындарының демалыстары мен жазғы сапарларына ауа-райын біліп отыру да қажет болғанын түсінеміз.  

ТОП 10 басқа қазақстандық телеөнім мен бағдарламалар

Бәсекелестердің аздығы мен кішкентай көрермендер шоғыры бұл рейтингтің алғашқы сатысын Balapan телеарнасына береді. Мультсериалдар әлі де балалар үшін өзектілігін жойған жоқ. Алайда өткен аптадағы тізімді «Сиқырлы бөлме», «Этикет әлемі» және «Үйрен де, жирен!» бастап тұр. 

Үздік 10 отандық сериал

Маусым айында басталған Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған «Үміт пен үрей» сериялы рейтингті бастады. Полицияның шытырман оқиғалары бірден көрермен назарын өзіне аударды. «Патруль-4» телехикаясы және «Келінжан-4» сериалы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтқан жоқ. Ал Жетінші арнадағы екі бірдей сериал яғни «Первая отрицательная» мен «Пәленшеевтер отбасы» телехикаясының үшінші кезеңі де көрерменнің сүйікті өнімдеріне айналды. 

ТОП қазақстандық фильмдер

Astana TV және El Arna қазақстандықтардың көркем фильмдерге деген талғамын қалыптастырып қана қоймай, қазіргі заманғы көрерменнің сұранысын қанағаттандырып отыр. Өзекті әлеуметтік тақырыптар, комедиялық сюжеттер және драмалық көріністер демалыс күндері көрермендердің назарын көгілдір экрандарға баурап алды.

Үздік деректі қазақстандық деректі фильм

Өткен сейсенбіде Еуразия 1-ші арнасында көрсетілген өткен Ұлттық құрылтай туралы деректі фильм көптеген көрермен назарына өзіне аударып алды.

Үздік 10 шетелдік телеөнімдер мен бағдарламалар

«Поле чудес» бағдарламасы апта сайын рейтингте алғашқылардың қатарында тұр. Көрерменнің назары үшін негізгі күрес келесі позицияларда өрбиді. «Уральские пельмени» әзілдеп жүріп, сегізінші орыннан бірден екінші орынға табан тіреді. Балапандағы «Джунгли кітабы» анимациялық сериалы бір апталық үзілістен кейін рейтингке қайта оралып қана қоймай, бірден үшінші орынға ие болды. Жазғы демалыс отандық балалар телеарнасына қазақ тіліне аударылған бес шетелдік өндіріс бағдарламасымен рейтингке шығуға мүмкіндік берді.

Үздік 10 шетелдік фильмдер мен сериалдар

Осы рейтингтегі фильмдер мен сериалдар қазақстандық телеарналарда жаңа картиналардың басталуына байланысты алмасып отырады. Сүйікті телехикаялар аяқталғаннан кейін көрерменді ұстап отыру қиынға соғады. Жаңалықтарға деген қызығушылықты ояту, алғашқы эпизодтардан кейіпкерлерді баурау және жаңа сюжеттерге деген анонс, қызықты трейлерлер ғана көмектеседі. КТК телеарнасы мұны бірден «Клятва врача» және«Второе дыхание» екі сериалымен жасай алды.

Ең жоғары рейтинг бойынша ТОП 10 бағдарламаны жасау ережесі:

1. Үздік 10 кестеде ең жоғары рейтингі бар телебағдарламалардың шығу тізімдері бар;

2. Тұрақты бағдарламалар үшін (талданатын кезең ішінде бірнеше рет шыққан) ТОП 10-да ең жоғары рейтингке ие болған бағдарламаның бір ғана шығарылымы көрсетіледі;

3. ТОП 10 жасау кезінде ұзақтығы 10 минуттан аспайтын телебағдарламалар ескерілмейді;

4. Егер бағдарлама басқа себеппен тоқтаса (мысалы, ауа-райы болжамы), бағдарламаның максималды рейтингке ие болған бөлігі ғана үздік 10-ға ілігеді. Орташа көрсеткіштер жарияланбайды.

Мақсатты аудитория: 6 жастан асқан барлық адамдар

Аймақ: 100 000 халқы бар Қазақстан қалалары

Деректерді Kantar ұсынған

Перевод
Facebook
Instagram