12.07.2023, Астана қаласы. «Жетінші арна» телекомпаниясы (Астана) YouTube бейнесервисінің құрметті марапаттарының үш дүркін иегері атанды. 2016 жылдан бері YouTube-тің Қазақстан Республикасындағы ресми серіктесі Genesis CSP өкілдері телеарна ұжымына АҚШ-тан келген «Күміс түймені» табыс етті. Осылайша YouTube Жетінші арнаның екінші аккаунты – @7kanalShorts-та 100 мың жазылушы межеден өткенін атап өтті.

«Біз әлеуметтік желілерде белсендіміз. Бүгін марапатқа ие болған арна қатарынан бесінші болып отыр. Оны 2022 жылдың қазан айында іске қостық, бүгінде  жазылушылардың саны 215 мың пайдаланушыны құрайды. «Жетінші арнаның» бес YouTube арнасы ыңғайлы болу үшін тақырыптық аккаунттарға бөлінген. Жазылушылардың жалпы саны 3,5 миллионнан асады. Бұл ойын-сауық сегментіндегі қазақстандық телеарналардың ең үлкен аудиториясының бірі», – деп түсіндірді «Жетінші арнаның» бас директоры Ания Байоразова.

Күміс түймені алу үшін жазылушылардың 100 000-шы шегінен өту жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір критерийлерге сай болуыңыз керек. Бұл арнаның тұрақты белсенділігі, үнемі жаңартылып отыратын түпнұсқа контент, бейнехостингтің барлық ережелерін сақтау және мінсіз бедел. Бұған дейін Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып табылатын «Жетінші арна» телекомпаниясы YouTube-тен – @TheSevenChannel басты арнасы үшін «Күміс түйме» және «Алтын түйме» марапаттарына ие болды. Қазір бұл арнаның жазылушыларының саны 3,26 миллион пайдаланушыны құрайды.

«Жетінші арна» – серпінді дамып келе жатқан ақпараттық ойын-сауық арнасы. Ол астаналық «Эра» телеарнасы негізінде құрылып, 2009 жылдың 9 қыркүйегінде республикалық хабар тарата бастады. Бүгінде ол Қазақстанның барлық ірі қалалары мен облыс орталықтарына тарайды, кабельдік операторлар желілерінде, сондай-ақ телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

2022 жылдың шілде айынан бері телеарнаның бас директоры қызметін белгілі медиаменеджер Ания Байоразова атқарады. Оның медиа және теледидар өндірісінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар.

2023 жылы «Жетінші арнаның» хабар тарату кестесін жаңарту басталды, ол қызықты және эксклюзивті мазмұнмен толықтырылды. Бұл өзіміздің «Қыздар-ай», «Батл сөз», «Жұлдызды шаңырақта», «Қызықты wekeend», «Тәтті әңгіме», «Реформатор», «Жаңа кезең» бағдарламалары. Осы күзде күтілетін премьералардың қатарында сериалдар, қазақстандық өндірістің реалити-шоулары және т.б. бар.

Перевод
Facebook
Instagram