Үздік 10 арна

Әртүрлі санаттағы көшбасшылық позициялар айқын жеңістің кепілі бола алды. Еуразия бірінші арнасы апталық рейтингте алға шықты (1,22%). Дәстүр бойынша, тұғырдағы келесі орындарға КТК және Qazaqstan арналары жайғасты. Balapan телеарнасы өз позициясын жақсартып, бірден 9-орынға көтерілді. Соңғы шолуларға қарағанда, балаларға байланысты контент көбейіп келеді.

Үздік 10 жаңалықтар бағдарламасы

Апта бастала салысымен әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы білуге құмар көрерменннің көбейгенін байқаймыз. Сондықтан дәл сол күндері жаңалықтардың қаралымы көп. Еуразиябірінші арнасындағы жаңалықтардың ең жоғары рейтингіне ие болды(4,36%, 3.25%). Сондай-ақ КТК (3.12%, 1.38%). Олардың ізімен 5-ші орында 31 арна, одан кейін Qazaqstan каналы алтыншы орынға жайғасты.

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар ТОП-10

Еуразия бірінші арнасының «Анатилика» және «Парламент Online бағдарламалары біріннші, екінші орында қатар тұр. Рейтингтері 2,55% және 2,22%. Рейтингтің ондығында жаңалықтарға негізгі басымдық беретін  аналитикалық арналар бар. Бұл Qazaqstan, КТК, 31 арна, Хабар және Хабар 24, Astana TV, НТК арналары.

Үздік 10 әзіл-оспақ бағдарламасы

«Шымкент Шоу» екі апта бойы елордалық арна мен КТК-ны көшбасына шығарып келеді. Бұл ретте 31 арна бірден төрт бағдарламамен – «Bizdin show», «Алдараспан», «1001 әзілдер» және «Qazaq stand up» бағдарламаларымен ондыққа енді. Хабарлардың 70 пайызы демалыс күндері көрсетілетінін ескеріңіз.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

«Астарлы ақиқат», QosLike және Cover Show өткен аптадан бері өз позицияларын сақтап қалды. Олардың рейтингтері 2,19%, 2.14% және 1,21%. Тізімде 31 арнаның ойын-сауық шоуы пайда болды-Tik Tok Show, ол 0,50% рейтингімен 10-шы орында.

Үздік 10 музыкалық бағдарлама

15 қазан жексенбіде көрермендер музыкалық бағдарламаларды көруге көп уақыт бөлді. Qazaqstan телеарнасында Серік Ибрагимовтың «Mahabbatym» атты шығармашылық кеші ең жоғары рейтингте (1,31%). Сол күні түстен кейін «Qazaqstan дауысы» шоуы көрсетіліп, қаралым бойынша екінші орынға шықты. Осы аптада рейтингте жаңа ойыншы — 9-шы орында «U-shu» айдары бар Gakku Media музыкалық телеарнасы бар.

Үздік 10 танымдық бағдарламалар

Осы санаттың ішінде бағдарламалардың әр түрлі көрінісі-таңертеңгі шоулардан бастап өндірістік кәсіпорындар туралы репортаждық хабарларға дейін жақсы көрсеткіштерге ие болған. КТК бірінші орында «Динамен дұрыс» жобасының рейтингі 1,09%.  Еуразия бірінші арнасынан жұмада көрсетілген таңертеңгілік танымдық шоулармен 2 және 3 орындарда. Келесі үштікті Qazaqstan телеарнасының бағдарламалары құрайды.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық бағдарлама

Көш басында «Koremiz» жобасы. Еуразия бірінші арнасындағы әлеуметтік шоудың көрермені көп. Дәлірек айтсақ, оның дүйсенбідегі шығарылымы (3,84%) рейтинг жинаған. Екінші орында КТК «Было дело» бағдарламасы және үшінші орында осы орындағы «Дау-дамайсыз» тұр (1,29% және 1,01%). Жексенбіде Qazaqstan ұлттық телеарнасында «Әйел әлемі» бағдарламасы 0,75% рейтинг жинап, 4-ші орынға көтерді.

Үздік 10 басқа отандық бағдарламалар

Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет бұл санатта «Балапанды» басып озған өзге арнаның бағдарламасы пайда болды! 14 қазан сенбі күні, Kazsport UEFA Euro-2024 футболдан әлем чемпионаты туралы талқылап, көпшілік көрерменнің назарын өзіне бұрды. 0,64% рейтингі бар бағдарлама балалар анимациялық сериялдары мен бағдарламалары арасында бесінші орынға ие болды. Айтпақшы, топ-10 көшбасшысы қазақ тіліндегі ТурбоZаврыанимациялық сериялы болды (9 қазан дүйсенбі, 1,31% эпизод).

Қазақстандық үздік 10 сериал

Бұл санатта балалар сериалы ұзақ уақыт бойы бірінші болып жеңіске жетті, бұл «Вундеркинд бала» Balapan телеарнасы (1,40%). Екінші орында Хабар-дағы жаңа сериал – «Рауза: Сакура-жас өркен», үшінші орында — Qazaqstan-дағы «Сезім толқыны» хикаясының 2 маусымы. Кестеде біз балаларға арналған тағы үш телехикаяны көреміз — «Ағымға қарсы», «Теңбіл доп» және «Супер дос». Олар 5, 8 және 9 орында орналасты.

Үздік 10 қазақстандық фильм

«Бизнес по-казахски» комедиясының жалғасы отандық фильмдер арасында ең жоғары рейтингтерді көрсетті. Бұл жолы туыстарының Америкада бизнес жүргізуге тырысқаны туралы фильм жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Үшінші орында El Arna телеарнасындағы «Томирис» тарихи лентасы тұр. Барлығы Еl Arna осы санаттағы жеті фильммен ұсынылған.

Аптаның үздік деректі фильмі

Ол жексенбіде 15 қазан күні «Хабар» арнасының эфирінен шыққан  «Купленные знания» атты «Журналистік зерттеу бөлімінің» деректі сериясы үздік. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының дипломдарын сату жағдайлары жайлы бұл жоба көрермендерді бей-жай қалдырмады.

Үздік 10 шетелдік тележобалар мен бағдарламалар

Көптеген көрермендердің сүйікті «Поле чудес» шоуы тағы да бірінші орында! Оның үстіне, оның рейтингі 31 арнаның «Ледниковый период» мультфильмінен әлдеқайда жоғары, анимациялық фильм екінші орында (2,78% / 1.61%). Үшінші орында «Мир» телеарнасының «Игра в кино» жобасы. Осы санаттағы жолдардың жартысын Balapan балалар телеарнасының қазақ тіліне дубляждалған шетелдік анимациялық сериялдары алады.

Үздік 10 шетелдік фильмдер мен сериалдар

Фильмдер мен сериалдардың негізгі бөлігі демалыс күндері көп қаралады. Аптаның рейтингтері осыны айғақтайды. Жұма, сенбі және жексенбі күндері экран алдында ең көп көрермен жиналады. «Осман» серияалының екінші маусымы қазақстандықтардың назарын бірден өзіне аударды және Astana TV арнасын көшбасшы етті (3,35%). Одан кейін рейтингте «Три сестры», «Горячая точка», Еуразия бірінші арнасындағы «Васильки для Василисы» сериалдары бар. 

Перевод
Facebook
Instagram