ҮЗДІК 10 АРНА

Еуразия бірінші арнасы бірінші болып тұр. Бұл ұзақ уақыт бойы телекөрерменге қажет бағытты дұрыс сақтай білудің нәтижесі және ойын-сауық мазмұнының заманауи тенденцияларын зерттеп, оларды болжау және тіпті барлық басқа бәсекелестері үшін орната білудегі артықшылықтың ықпалы сияқты. Қазақстандық арналардың ішінде Еуразия, КТК және Qazaqstan арнасы ең сұранысқа ие каналдардың қатарынан табылады. Jibek Joly арнасы кейінгі кезде ондықтан көрінбей қалды. Алайда«Балапан» сенімді түрде көтеріліп келеді. Бүгін ол 8-ші орында.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР БАҒДАРЛАМАСЫ

Осы аптадағы ең жоғары рейтингтер Еуразия бірінші арансы және КТКжаңалықтар бағдарламаларында. Алғашқы ондықтағы бағдарламалар рейтингтеріндегі айырмашылық өте жоғары. Егер осы санатта Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» яғни көшбасшының рейтингі 4,98%, екінші және үшінші көрсеткіштері 3,78% және 3,35% болса, онда Хабар 24 «Новости» 10-орында, апталық рейтингі 0,78% құрайды. Бұл ретте төртінші орыннан және одан төмен бағдарламалар 1,38% және одан аз көрсеткіштерге ие болды.

АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТОП-ОНДЫҒЫ

Еуразия бірінші арнасының «Парламент Online» мен «Аналитка» және Qazaqstan-дағы «Апта»  ақпараттық-сараптамалық жобасы бағдарламалар санатында құрмет тұғырына лайықты ие болды. Соңғы жаңалықтар шолуларының көпшілігін көрермендер демалыс күндерінің кешкі уақыттарында тамашалайтыны түсінікті. Сондай-ақ, ондықта Sapar Times, Портрет недели, 7 күн жобалары да бар.

ҮЗДІК 10 ӘЗІЛ-ОСПАҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Алдараспан» КТК-да өткен аптада қаралу бойынша көш бастап тұр. Сол сенбіде ол 31 арнада да көрсетілді, бірақ ең жоғары рейтинг бойынша алтыншы болды. Мүмкін бұған эфир уақыты әсер еткен шығар? Бірақ 31 арнаның тағы екі әзіл-сықақ бағдарламасы– «Bizdin show» және «Qazaq Stand Up» екінші және үшінші орындарды иеленді.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

КТК-дағы «Астарлы ақиқат» бірінші орынды сақтап тұр. Ал «КТК web» төртінші орыннан екінші орынға көтерілді, оның рейтингі екі еседен астам өсті! Бұл Еуразия бірінші арнасының «QosLike» және «Кел, шырқайық» романтикалық шоуын төмендегі позицияға ауыстырды.

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

«Qazaqstan дауысы» және «X Factor» музыкалық байқаулары жоғары рейтингті сақтауды жалғастыруда. Екі шығарылым да сенбі күні кешке эфирден берілді. Деректерге сәйкес, қазақстандықтар демалыс күндері музыкалық бағдарламаларды көруді жөн көреді.

ҮЗДІК 10 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Динамен дұрыс» атты жаңа бағдарлама Еуразия бірінші арнасындағы «Доброе утро, Казахстан» бағдарламасын қуып жетті және 1,10% рейтингімен екі бағдарлама да осы аптада көш бастап тұр. 3 – тен 5-ке дейінгі жолдарды Qazaqstan арнасының «Tansholpan», «Дала дәмі» және «1001 түн» бағдарламалары алады.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

Еуразиябіріншіарнасындағы«Koremiz»және«Айна»бағдарламаларыменүздікүштікте. КТК-дағы «Дау дамаймыз» екіншіорында. Ал Qazaqstan телеарнасындағы«Aqorda» және «Отандық Brand» бағдарламаларыкелесі позицияларға жайғасты. 

ТОП-10 БАСҚА ОТАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

«Балапан» арнасының анимациялық сериялдары мен балалар авторлық бағдарламалары, сондай-ақ ойын-сауық және спорттық балалар шоулары осы санаттағы барлық түрлерде ұсынылған. Жеңімпаз — ағайынды Азамат пен Еркештің қарым-қатынасы туралы «Аға болғым келеді» балалар хикаясы (1,71%)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЗДІК 10 СЕРИЯ

Шетелдегі оқуын тәмамдап елге оралған Гүлнәздың тағдыры туралы түсірілген «Құдаша қыз» атты сериал. Оның 21 қарашадағы көорсетілімі өткен аптада сериалдар арасында бірінші орынға ие болды. Екінші орын «Балапандағы» «Дарын мен Айзере» балалар хикаясына тиесілі, үшінші орын Хабарадағы «Соңғы үміт» телехикаясының екінші маусымына бұйырды.

ҮЗДІК 10 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛЬМ

Елордалық Astana TV арнасының алты бірдей фильмі алғашқы үш орынға ие болды. Оның ішінде аптаның ондығына да ілікті. Танымал картиналардың ішінде тек комедия ғана емес, сонымен қатар «Бақыт» атты психологиялық драма және «Томирис» тарихи картинасы бар. 10 фильмнің 9-ы сенбі мен жексенбіде күндері көрермен назарына ұсынылды.

ҮЗДІК ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ

2023 жылғы 21 қарашада Astana TV арнасында шыққан «Вместе с народом» деректі фильмдер сериясының эпизоды бойынша рейтинг көрсеткіштері бойынша үздік атанды.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМА

Еуразия бірінші арнасында көптеген көрермендердің сүйікті шоуы «Поле чудес» апталық рейтингтегі бірінші орынын қайтарып алды. Осы аптада бірден үш бағдарлама бірдей көрсеткішке ие болды-1,41% осылайша 3, 4 және 5 орындарға орналастырылды. Бұл мультфильмдер мен мультхикаялар. Алғашқы ондықта бірден алты жолды Balapan балалар телеарнасының контенті  алды.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Шетелдік фильмдер мен телехикаялар жаңалықтар бағдарламаларымен салыстырылатын рейтингтерге ие – теледидардағы ең көп қаралатын контент қатарында тұр. Олардың көпшілігі Еуразия бірінші арнасында көрініс тапты -1, 3, 6, 9 және 10-шы орындарды Еуразия бірінші арнасында көрсетілген картиналар алды. Сондай-ақ, қазақстандықтар «Осман» және «Қилы күндер» түрік сериалдарының кейіпкерлерінің тағдырына ерекше көңіл аударып отыр.

Перевод
Facebook
Instagram