ҮЗДІК 10 АРНА

Еуразия бірінші арнасы –телеөлшемдер бойынша көрермендер жиі қадағалап, көретін арналардың бірі болып қала береді. Екінші орында КТК – жаңалықтар, сараптама, ток-шоу және ойын-сауық бағыты бойынша да жетекші орындардың алғы шебінде тұр. Ал Qazaqstan халық арасында ең танымал және отбасы мүшелері қатар отырып тамашалайтын арналардың үштігіне ілікті. 

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

КТК жаңалықтарының 20 ақпандағы шығарылымы (4,11%) бірінші ең жоғары рейтингке ие болды. Осылайша Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтарды» басып озып, көшбасшылар қатарына шықты. Ал, Еуразия арнасы сәрсенбідегі жаңалықтары үшін екінші және үшінші орындармен шектелуге мәжбүр болып отыр. Бір қызығы, үздік ондықтағы келесі бес жолақты дүйсенбіде 19 ақпанда шыққан басқа арналардың жаңалықтары алады.

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды үзбей көретін, негізгі көрермендердің арқасында сараптамалық жобалар өткен апталардағыдай басымдықта қалып отыр. Парламент жұмысы, қорытынды жаңалықтар, апталық шолуларды біздің елдің тұрғындары Еуразия бірінші арнасынан, Qazaqstan, Astana TV, КТК, НТК және Хабар мен Хабардың қарамағындағы арналар, Atameken Business арналарынан көбірек тамашалайды. 

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМА

«Егізлебіз» шоуының сегізінші маусымы енді-енді қарқын алып келе жатыр. Бірақ рейтингтің бірінші қатарын ешкімге бермей, нық тұр. Белгілі әртістер мен қарапайым қатысушылардың ән шырқауымен, қазылардың тың пікірлерімен эфирге шығатын музыкалық шоу Qazaqstan телеарнасының эфирінде де, олардың Youtube арнасында да қазақстандықтардың назарын бірден өзіне аударды. Екінші орында КТК арнасынан көрсетілген «Шаншар» шығарылымы, үшінші орында – Almaty TV-дегі «Үздік әзілдер» тұр.

Ток-шоулар мен басқа да ойын-сауық бағдарламаларының арасында көшбасшылардың үштігі өткен аптадағы сияқты. Яғни өзгеріссіз қалды. Олар– «Астарлы ақиқат», «QosLike» және «Кел, шырқайық».

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Дәстүрлі түрде қазақстандықтар демалыс күндерін музыкалық бағдарламалар мен концерттердің көрсетілімдерін тамашалауға арнайды. Біздің отандастарымыз әншілікке әуес, өздері ән шырқамаса да өзгенің ән айтқанына шын қуанып, жанкүйер бола алатын тыңдарман. Өйткені музыкалық жобаларды қалт жібермей қадағалайды. Qazaqstan телеарнасы көрермендердің осы қалауын дөп болжай алды. Осылайша ондықтағы төрт жолда да өздері тұрақтады.

Танымдық мазмұны бар бағдарламалардың ішінде Еуразия бірінші арнасы күнделікті эфирге шығатын таңғы шолуымен бірінші орында. Екінші орында «Bala time» бағдарламасы бар Balapan балалар арнасы, үшінші орында – Qazaqstan арнасындағы «1001 түн» бағдарламасы бар.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Сәрсенбіде Еуразия бірінші арнасы арқылы көрерменмен қауышқан «Koremiz»ток-шоуы өз санатындағы ең үлкен рейтингке ие болды – 3,54%. Бұл Qazaqstan-дағы «Aqorda» бағдарламасынан екі есе көп (1,71%). Айта кетейік, ондықта Qazaqstan және КТК-дан үш бағдарлама бар.

Басқа бағдарламалар санатында тек бір арнаның бағдарламалары тұр. Ол әрине балалардың сүйікті арнасы – «Балапан». Балалар аудиториясына қызықты және сапалы ақпаратты қажет етеді. Өйткені балалар өседі ғой. Сол қажеттіліктеріне сәйкес келетін қосымша мазмұн көздері қажет сияқты.

ҮЗДІК 10 ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Еліміздің ең танымал сериалдар — «Ауыл мұғалімі», «Зу-зу Күлпаш» және «Келінжан» комедиялық ленталары. Сондай-ақ, «Балапан» арнасынан төрт балалар хикаясы бар. Фильмдер арасында комедиялар басым. Astana TV-дағы «Базар жоқ, Мексика», 31 каналдағы «Брат или брак» пен Жетінші арнадағы «Glamur для дур» құрмет тұғырына көтерілді.

Аптаның үздік деректі фильміносы аптада Еуразия бірінші арнасын көрсетті. Ол «Екі ел – бір мүдде» деп аталады. Фильм Мемлекет басшысы бастаған қазақстандық делегацияның Катарға ресми сапары туралы баяндайды.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Біздің телекөрерменде рқазақстандық телеарналарда көрсетілетін шетелдік өндірістің бағдарламалары мен теле жобаларына үнемі қызығушылық танытуда. Олардың көпшілігі қазақ тіліне дубляждалған және қазақстандықтардың көпшілігіне қолжетімді екенін де ескерген жөн. Алайда 30 жылдан астам уақыт бойы Еуразия бірінші арнасының эфирінде көрсетіліп келе жатқан «Поле чудес» шоуының көшбасшылық рекордын жаңарта алатындар аз болып тұр .

Телехикаялар қазір бір-бірінен аумайды. Сюжет те, мазмұн да ұқсас. Алайда уақыт өткізу үшін сол сериалдардың көмегі көп тиетінін көрермен жақсы біледі. Сондай-ақ, ары қарай не болар екен деп тапжылмай көріп отыратын да көрермен жеткілікті. Бұл санатта 31 ақпан күні көрсетілген  «Реализация» сериалы бірінші орында тұр. Екінші орынға «Осман» сериалы тұрақтады. Бұл да 31 ақпан көрсетілген. Үшінші орында «Қилы күндер» бар. Бұл аптада әртүрлі жанрдағы 9 сериал және 1 фильм бар. Бәрі де өте жақсы рейтингтерге ие бола алды. 

Перевод
Facebook
Instagram