ҮЗДІК 10 АРНА
Қыстың соңғы аптасы телевизия алаңындағы ойыншылар арасында көп өзгеріс бола қойған жоқ. Тек қана ортаңғы позицияларда тұрған арналар төмен сырғыды. Олай дейтін себебіміз 31 арна өз рейтингінің жүзден бір бөлігін МИР мен НТК-ға бөліп берді. Осылайша бесінші орыннан бірден жетінші орынға түсіп қалды. Негізінен, көрермендердің қалауы тұрақты. Жерлестеріміз Еуразия бірінші арнасын, КТК және Qazaqstan арналарын тамашалайды. 100 мың адамнан артық тұрғыны бар елді мекендердің 40% — дан астамы біз жоғарыда атап өткен үш арнаны үзбей көреді.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
КТК арнасының күнделікті эфирге берілетін жаңалықтары Еуразия бірінші арнасына лайықты бәсекелес бола алады. Оған көрсеткіш арқылы көз жеткіземіз. Мәселен максималды рейтингтегі айырмашылық 0,34%, 1 және 2 орын. Ал ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар санатында біз атаған екі арнаны Qazaqstan және Astana TV басып озды. Рейтинг деректері көрсетіп отырғандай телекөрермендер жаңалықтар мен аналитикалық бағдарламаларды кешкі уақытта көруді жөн көретіндігін байқаймыз.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
2 наурыз яғни сенбінің кешінде еліміздің эфирлерінде көрермен арасында кең танымал ойын-сауық бағдарламалары көп көрсетілді. Осылайшатұқрақты көрермендерді әзіл-оспақ пен музыкалық шоулардан бастап сатиралық жинақтарға дейінгі әр түрлі шоулармен қуанта білді. Мысалы «Егіз Лебіз» шығармашылық шоуы Qazaqstan телеарнасында өзінің жеңісті шеруін жалғастыра білді. Бұл жобаның салыстырмалы түрде жоғары рейтингі алдағы апталарда да көшбасшы болатынына кепілдік бере алады. Сондай-ақ, КТК-да ең танымал «Астарлы ақиқат» ток-шоуы болып қала береді. «Шаншар», «Алдараспан», «Cover show» алдыңғы апталардағы позицияларын жоғалтып алды.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА
Елімізде Алғыс айту күніне яғни 1 наурыз күні эфирге берілген концерттік бағдарлама музыкалық бағдарламалар рейтингінің ондығына кірді (Qazaqstan). Сонымен қатар, «МузАРТ 20 жыл» мерейтойлық концерті және Qazaqstan Ұлттық телеарнасының тағы үш бағдарламасы үздіктер қатарынан көрінді. Оның ішінде жеңімпаз – «Көңілді толқыны» бағдарламасы. Айта кету керек, ұлттық арнадан берілетін таңертеңгі «Tansholpan» жобасы да төрт жолға көтеріліп, бірінші орынды иеленді. Осылайша Еуразия бірінші арнасындағы «Доброе утро, Казахстан!» бағдарламасын төменге жылжытты. Бұл жоба 5 орынға тұрақтады.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
Бұл санатта ешқандай өзгеріс болған жоқ. Еуразия бірінші арнасы мен Qazaqstan көрсеткіштерінің нәтижесімен жеңіс тұғырына қатар шықты. («Koremiz», «Ақорда» және «Ашық алаң»). Balapan арнасы да көшбасшылықты ешкімге бермей келе жатыр. 26 ақпан күні көрсетілген «Aidar» анимациялық сериалының эпизоды бірінші орында. Екінші орын да осы арнаның еншісінде. Жексенбі күні эфирге берілген «Аға болғым келеді!» жобасы, ал «Тоқтымен Серке» анимациялық сериалы үшінші орында. Айтпақшы, 10-нан 9-бұл отандық мультфильмдер сериясы.
ҮЗДІК 10 ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР
«Келінжан» сериалы бірден екінші орынға көтерілді. Осылайша «Зу-зу Күлпаш» телехикаясын үздік үштіктен ысырып тастады. Қазір Qazaqstan арнасынан көрсетілетін «Ауыл мұғалімі» және «Сезім толқыны» танымалдығы жағынан Күлпәшті артқа қалдырып кетті. Алфильмдер санатында Astana TV арнасы көшбасшы атанды. Бұл арнадан «Неделимое», «Многодетный» және «Базар жоқ, Мексика» картиналары көрсетілген-ді. Бұл тағы бір мәрте комедиялар жанрлық басымдыққа ие болғанын байқатады.
Ал аптаның үздік деректі фильмі 1 наурызда Алғыс айту күні Qazaqstan телеарнасында тұсауы кесілген «Бір үйдің 55 баласы» болды. Фильмде 55 бала асырап алған Лисаковск қаласының тұрғындары Шүкіровтер отбасы туралы баяндалады.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР
Еуразия бірінші арнасы«Поле чудес» пен «Давай поженимся» ток-шоуларымен үздік үштіктің қатарына шықты (1 және 3 орын). Екінші орында — «Игра в кино» бағдарламасы арқылы үштіктің сапында табылған МИР телеарнасы бар. Осы аптада МИР арнасының бірден 5 хабары үздік ондыққа кіргенін де айта кету керек. Бұл өте үлкен жаңалық. Сондай-ақ, үздік ондықтар ішінде Жетінші арнаның «Юморина» және Balapan балалар арнасының екі анимациялық сериалы бар.
Шетелде түсірілген телесериалдар қазақстандықтардың да сүйікті хикаяларына айналып үлгергенін аңғарамыз. Сериалдардың желісі кейде көркем фильмдермен салыстырғанда өтімді бола бастайды. Осы аптада «Қилы күндер» түрік телехикаясының жұма күнгі эпизоды ең көп қаралым жинады. Нәтижесінде «Релизация», «Осман» және «Маруся» сериалдары арасында артықшылықтарын байқадық. Бұл хикаялардың көрермендер арасында танымалдығы артып келе жатқанын айта кету керек.