Үздік 10 арна

Еуразия бірінші арнасы қазір өз қатарының алды болып тұр. Үздік он артнаның тізімінде бірінші тұр. Алайда өткен аптада  көрермендердің назарын өзіне аудару үшін болған күресте Qazaqstan телеарнасы жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, КТК-ны 0,9% — ға басып озды. Осылайша бесінші орыннан бірден екінші орынға көтерілді. Тек КТК-ны ғана емес, сонымен қатар НТК мен Astana TV-ны да басып озды. Бүгінгі шолуымызда Ұлттық телеарна қандай категорияларда және қандай бағдарламалармен тағы да алға жылжығанын айтамыз. 

Топ-10 ақпараттық-саяси бағдарламалар

Көрермендер жаңалықтар мазмұнын негізінен орыс тілінде тамашалағанды жөн көреді екен. Бұл ойдан шығарған болжам емес. Осы санаттағы апта сайынғы рейтингтер осыны аңғартып отыр. Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости» мен КТК жаңалықтары осы аптада ең жоғары рейтингтерге ие болды – 3,25% және 3,02%. Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтардың» рейтингтегі көрсеткіші төмен болса да үшінші орынға табан тіреді.

Демалыс күндеріндегі аптаның оқиғалары туралы шолу бағдарламаларының қатарында Еуразия бірінші арнасының «Аналитика» және «Парламент онлайн» жобалары қазір кеңінен танымал. Сол себепті де болса керек алғашқы екі орынды өздері иеленді. Одан кейін рейтинг бойынша МИР телеарнасындағы «Спецвыпуск» және Хабардағы «7 күн» ондықтың жоғары жағында келе жатыр.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

Qazaqstan телеарнасында «Егіз лебіз» байқау ойын-сауық шоуы рекордты жаңартып, өзінің салтанатты шерудеі бірінші орынын сақтап тұр. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген жобалар арасында Astana TV-дағы «Шымкент Шоу» және 31 арнадан көрсетілген «Алдараспан» бар. Аптаның ең жақсы үш әзіл-сықақ бағдарламалары осылар. Ал, ток-шоу арасында осы аптада белсенділігін жоғалтпай, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлаған Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike», КТК-дағы «Астарлы ақиқат» және НТК арсанынан берілетін «Бір болайық» жобалары.   Сондай-ақ, ондықтың қатарында Хабар телеарнасының төрт хабары бар.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарлама

Мереке қарсаңында және Наурыз мейрамы күндері телехабар тарату желісі кез келген талғамға арналған керемет концерттік бағдарламаларға толы болды. Наурыз мейрамының алғашқы күні яғни 21 наурызда музыкалық бағдарламалар көрермендердің назарын толықтай өздеріне аударды. Бұл «Төрлет Наурыз!», «Жігіттер» квартетінің шығармашылық кешінің көрсетілімі және әйгілі «Ән мен әнші» жобасы.

Барлық музыкалық және танымдық бағдарламаларын көрермендердің назарына Qazaqstan телеарнасы ұсынды. Мысалы, танымдық бағдарламалар санатында үш бірінші орын осы Ұлттық арнаның еншісінде. Олар – «Ақорда», «Таңшолпан» және «Ұлыстың ұлы күні» жобасы.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

Еуразия бірінші арнасы мен Qazaqstan ұлттық арнасы қоғамның әлеуметтік мәселелерін жариялауда нағыз сарапшы арналарға айналып үлгерді. Олардың бағдарламалары өз санаттарының үздік ондықтың ішінде 80% құрайды. Өйткені Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуы бірінші орында.

Басқа отандық бағдарламалардың қатарында Balapan телеарнасының авторлық балалар бағдарламалары мен анимациялық сериалдары да бар. Кішкентай көрермендер Алпамыс батыр туралы, Турбозаврлар туралы мультфильмдерді ерекше ықыласпен көретінін байқадық. Сондай-ақ интерактивті ойын шоуларын да жақсы көреді.

Үздік 10 отандық телехикаялар мен фильмдер

«Зу-зу Күлпаш»телехикаясын осы аптадағы лайықты жеңісімен құттықтауға болады. Сенбідегі мерекелік кеш бұл сериал үшін керемет көрсеткіш сыйлады. Екінші орында Qazaqstan арнасындағы«Жат бауыр» сериалының еншісінде, үшінші орын «Балапан» арнасындағы«Супер дос» балалар сериалының қанжығасында. Айтпақшы, балаларға арналған сериалдар бұл санаттағы 5, 9 және 10 орындарды да иеленді. Өткен апта«Бизнес по-казахкси» франшизасының үш фильмі үшін сәтті болды, көрермендер Үндістан мен Түркиядағы фильм кейіпкерлерінің шытырман оқиғаларын бақылады. Бірінші орында «Жар-жар» комедиясы, ал үшінші орында дәл осы Qazaqstan телеарнасынан берілген «Бүркітші қыз» комедиясы тұр. Рейтингте дәстүрлі түрде комедиялық жанрдағы картиналар басым.

Аптаның үздік деректі фильмі «KZ AZ синергия» жобасы болды. Фильм Мемлекет басшысының наурыздың бірінші жартысында өткен Әзірбайжанға жасалған ресми сапары туралы баяндайды.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар

Еуразия бірінші арнасының эфирінен көрсетіліп келе жатқан, тіпті аңызға айналған «Поле чудес»  шоуы осы аптада тағы да бірінші орынды сақтап қалды. Бірақ жоғары рейтингті жоғалту қаупі жоғары. Рейтингтің оннан бір бөлігі ғана Qazsport телеарнасын жеңімпаздан артықшылап тұр. Осы аптада UEFA Euro-2024 кубогының футбол матчтарының трансляциясы көрерменнің үлкен қызығушылығы мен назарын аударды. Үшінші орында МИР телеарнасындағы «Вместе»  қорытынды бағдарламасы тұр.

Astana TV-дегі «Осман»тарихи түрік сериалы ең көп қаралған. Төртінші маусымда көрермендер ұлы Осман империясының пайда болу кезеңіндегі оқиғаларды тамашалайды. Ал Еуразия бірінші арнасындағы «Адмиралы района» сериалы екінші орынға тұрақтады. НТК-да көрсетілген «Морской бой» көркем фильмі үшінші орынға жайғасты. Жалпы НТК көркем фильмдер мен телехикаялар жанрындағы көрермендердің қалауының білгірі деуге де негіз бар. Өйткені үздік ондықтағы картиналардың жартысы осы арнаның еншісіне тиесілі.

Перевод
Facebook
Instagram