ТОП-10 арна
КТК, Евразия бірінші арнасы және Жетінші арна үздік жұмысының арқасында және бағдарламаларының жалпы рейтингі өскендіктен өз орындарын сақтап қалды. Сондай-ақ олардың жиынтық аудиториялық қамтуы шамамен 2%-ға өсіп, 43,69% болды. Үздік ондық құрамында аздаған өзгеріс бар – Balapan мен Хабар 9 және 10-орынды иеленіп, Almaty TV мен Jibek Joly арналарын ығыстырды.

ТОП-10 жаңалықтар мен ақпараттық-талдамалық бағдарламалар
Үздік үштік өзгерген жоқ – КТК, Евразия бірінші арнасы және 31 арна. Ең жоғары рейтингке ие жаңалықтар 6 тамыз, сәрсенбі күні шыққан. Қазақ тіліндегі жаңалықтардан КТК мен Евразия бірінші арнасы 4-ші және 5-орынды иеленді. Ал Informburo екі тілде шығады.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар санатында 24 KZ пен Qazaqstan көш бастап тұр. Олардың «Акценты», «Арнайы шығарылым», «Арнайы жоба», «Іс жүзінде» және таңғы бағдарламалары ең көп көрермен жинады.

ТОП-10 ойын-сауық бағдарламалары
Жетінші арна «Әзілің жарасса» және «Әзіл әлемі театры» атты әзіл-сықақ жобаларымен бірінші орынды сақтап қалды. Үшінші және төртінші орындарды Jibek Joly арнасы Тұрсынбек Қабатовтың концерттерімен иеленді.

Ойын-сауықтық телешоулардың ішінде үздіктер – Qazaqstan арнасындағы «Қызық екен» және «Тапқыр отбасы». Үшінші орында Жетінші арнаның «Қызықты Weekend» жобасы. Ал Евразия бірінші арнасының романтикалық шоуы «QosLike» рейтинг жетпей, үздік үштікке кірмеді.

ТОП-10 музыкалық және танымдық бағдарламалар
6 тамыз, сенбі күні КТК арнасынан көрсетілген «Махаббат әлемі» концерті ең жоғары рейтинг жинап, музыкалық бағдарламалар көшін бастады. Екінші орында – Balapan арнасының бейсенбі күнгі «Караеке» жобасы. Үшінші және төртінші орындарда Qazaqstan арнасының «Жұлдызды жұп» және «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» концерттері тұр.

Танымдық бағдарламалары ішінде үздік – Евразия бірінші арнасының «Доброе утро, Казахстан» таңғы шоуы. Келесі үш орынды Qazaqstan арнасының «Еңбек адамы», «Теледәрігер» және сенбілік «Замандастар» жобасы иеленді.

ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағдарламалар
Евразия бірінші арнасының рейтингі жоғары «Koremiz Show» тағы да бірінші орында! Qazaqstan арнасының «Әйел әлемі» жобасы екі есе төмен көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Үшінші орында – КТК арнасының «Было дело» бағдарламасы.

Басқа бағдарламалар санатында көшбасшы – Astana TV арнасының «Саулықтың сыры» жобасы. Қалған тоғыз орынға Balapan арнасының төрт балалар жобасы және бес мультсериалы орналасты.

ТОП-10 қазақстандық сериалдар мен фильмдер
Бұл аптада «Ақжауын-2» бірінші орынға көтерілді. Оған серік болған – Хабар арнасының жексенбілік «Келінжан-4» сериалы. Үшінші орында – Balapan арнасының балаларға арналған «Дарын мен Әзере» сериалы.

Көркем фильмдер ішінде ең көп көрермен жинағандар – 31 арнаның «Жаным сол» фильмі және Qazaqstan арнасының «Құнанбай» мен «Абай» тарихи ленталары. Соңғы екі фильм ұлы ақын әрі ойшыл Абайдың мерейтойына орай көрсетілді.

Ең үздік деректі фильм өткен аптадағыдай – 4 тамыз, дүйсенбі күні көрсетілген «Бауырластық» деректі циклы. Бағдарлама Мир арнасында жүреді.

ТОП-10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер және сериалдар
Евразия бірінші арнасы шетелдік бағдарламалар рейтингінің алғашқы екі орнын «Поле чудес» және «Модный приговор» шоуларымен иеленді. Үшінші орында – Мир арнасының «Дела судебные. Деньги верните» бағдарламасы.

Сериалдар арасында Жетінші арнаның «Стамбульская невеста» хикаясы КТК арнасының «Шеф. Мужская работа» сериалынан озып, көш бастады. Екінші орын енді – «Шеф» сериалына тиесілі. Үшінші орында – Жетінші арнаның түрік сериалы «1001 түн».
